Ауданның басшылығы

Успен ауданының әкімі

Б.К. Қасенов 1971 жылы туылған, 1994 жылы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, 2000 жылы Томск мемлекеттік  университетін ғалым агроном, экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді. 

Б.Қ.Қасеновтің атқарушы органдарда, агроөнеркәсіп кешені мен бизнес құрылымдарында шаруашылық және басқарушылық жұмыс тәжірибесі мол. Еңбек қызметін Павлодар облысы Краснокутск ауданы К.Маркс атындағы совхозда жұмысшы болып бастады. Институтты аяқтаған соң Павлодар облысы Краснокутск ауданы Ново-Троицкий совхозында агроном болып еңбек етті.

Успен ауданы әкімінің орынбасары

Кабиболла Аманұлы Абушахманов 1958 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында дүниеге келген. Ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша Семей ветеринарлық-зоотехникалық институтын бітірді. Еңбек жолын 1977 жылы Баянауыл ауданының Торайғыров атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастаған. Мемлекеттік органдарда жетекшілік ету бойынша үлкен тәжірибесі бар.

Успен ауданы әкімінің орынбасары Жасыузак Есиркепов

Есиркепов Жасыузак 1960 жылғы 4 маусымда Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Амангелдi ауылында дүниеге келдi.
1977 жылы Шымкент қаласының С. М. Кировтын атындағы № 9 орта мектептi аяқтап, 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бiтiрiп, инженер-механик бiлiктiлiгi берiлдi.
Еңбек жолын 1977 жылғы «Казмежколхозпроект» жобалау институтында бастады. 30 жылдан астам шаруашылық кәсiпорындары мен мемлекеттiк қызметте жұмыс iстедi.

Успен ауданы әкімінің орынбасары

А.А.Дисюпова 1976 жылдың 21 шілдеде Семей облысы Бесқарағай ауданының Кривинка ауылында туған.

1988 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Өзінің еңбек жолын 1993 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының Бесқарағай ауылының бала бақшасында тәрбиеші болып бастады, 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап Павлодар облысы Лебяжі ауданы Бесқарағай орта мектебінің математика және қазақ тілінің мұғалімі,

Успен ауданының әкімі аппаратының басшысы

Валентина Петровна Курсакова – орыс тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 1996 жылдың қыркүйек айынан № 2 Успен ЖОББМ орыс тілі және әдебиет мұғалімі болып  бастады, 2000 жылдың тамыз айынан бастап Успен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымның төрағасы,

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

Кім онлайн

There are currently 0 users online.

Яндекс.Метрика
as