Успен ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

06.08.2019

ШЕШІМ ЖОБАСЫ

 

 

 

Успен ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

 

 

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №756 қаулысына сәйкес, Успен ауданының  төтенше  жағдайларды  ескерту  және жою жөніндегі  комиссия  отырысының  2019 жылғы 02 тамыздағы № 5 хаттамасының  негізінде аудан  аумағында  халықтың  тіршілігін  қамтамасыз ету  мақсатында Успен ауданының әкімінің м.а  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Успен ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Успен ауданы әкімінің орынбасары А. А. Дисюпова тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. «Успен ауданы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді   Әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді мерзімдік баспасөз  басылымдарына және  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Успен аудан әкімінің м.а                                        К. Абушахманов

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp