«POS-терминалды кеңінен қолдану»

13.08.2019

Тақырып: «POS-терминалды кеңінен қолдану»

 

Құрметті кәсіпкерлер!

 

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI   ҚР Заңы 39-бабының 4-тармағына сәйкес, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті.

     Осы міндет меншік нысанына қарамастан, арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге де қолданылады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысына сәйкес көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлер барлық жерде POS-терминалдарды пайдалануы тиіс.

Осы нормативтік актіде белгiленген талаптар сауда операциялары, қолма-қол ақшаны пайдаланусыз жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде ақшалай төлемдердi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді алуға арналған құрал-жабдықтардың (құрылғының) болмауы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осы жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 195-б. 1-б. қарастырылған.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp