Электрондық коммерция – бизнесті дамытудың жаңа ынтасы.

13.08.2019

Электрондық коммерция – бизнесті дамытудың жаңа ынтасы.

 

 

Электрондық коммерция заманауи экономиканың ажырамас бөлігі болды. Көптеген тұтынушылар тауарларды Интернет желісі арқылы сатып алады, ал коммерциялық ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде осы желінің мүмкіндіктерін пайдаланады.

         Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, электрондық сауданы енгізу халықтың өмір сүру сапасына оң әсер етеді. Бұл ретте Қазақстанда үш жыл бұрын электрондық сауда бөлшек айналымының жалпы үлесінде тек 1% ғана алды. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына стратегиялық мақсат ретінде кіруді белгілеп, «қолма-қол ақшасыз экономикаға» ұмтылу қажеттігін атап өтті. Бұл электрондық саудаға көшу «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басым бағыты болып табылатынын куәландырады.

         Облыста электрондық сауданы енгізу мақсатында Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамыту жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы аясында жұмыстар жүргізілуде.

Облыста 2019 жылғы 1.05. тауарлар мен қызметтердің электрондық саудасын жүзеге асыратын 251 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 621 адам оқытылды. Бұл бағдарламаның бағыттарының бірі кәсіпкерлердің сандық және қаржылық сауаттылығын оқыту болып табылады.

         2018 жылғы қазанда электрондық сауда жүйесіне сауда базарларына қатысушылардың ауысуы шеңберінде Павлодар қаласының «Керуен» базарында деректерді тіркеу және беру функциясы бар сауда рыноктарын бақылаудағы-кассалық машиналармен (бұдан әрі – ДТЖБ бар БКМ) және банктік POS-терминалдармен жарақтандыруды арттыру бөлігінде пилоттық жоба табысты іске асырылды.

«Керуен» базарында салық заңнамасын түсіндіру бойынша консультациялық көмек көрсету, ДТЖБ бар БКМ тіркеуге өтініш қабылдау, соның ішінде нарықта кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға салық есептілігін жасау бойынша пункт ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта осындай жұмыстар Павлодар қаласының басқа базарларында да жүргізілуде.

         Осындай жұмыстар Павлодар қаласының «Универсальный» және «Квазар» жәрмеңкелік кешені базарларында да жүргізілді. Сондай-ақ сауда объектілерін электрондық сауда жүйесіне ауыстыру жөніндегі жұмыс басқа да нысандарда да жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамыту жөніндегі жол картасына сәйкес 2022 жылға дейін электрондық сауда саласында және бүкіл ел бойынша аралас салаларда 200 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Павлодар облысында халыққа пошта инфрақұрылымының қолжетімділігін жақсартуды франчайзинг моделі есебінен жүргізу жоспарланып отыр, ол бизнеске «Қазпочта» АҚ қызметін ұсынуға мүмкіндік береді. Интернет-дүкендерден тапсырыс беру пункттерін ашу клиентке интернет-дүкендерден тапсырыс берілетін өзінің пошта жөнелтілімдерін үздіксіз алуға мүмкіндік береді, сәлемдемелерді алу уақытын қысқартады (кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ).

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp