Суға түсу кезеңі жалғасуда.

02.08.2019

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖ бөлімінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдармен және білім беру бөлімімен бірлесіп суға шомылу үшін рұқсат етілмеген орындарға тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Соңғы күндері аудан аумағында ыстық ауа райы қалыптасты. Рейдтік іс-шаралар күн сайын өткізіледі. Су айдындарында жүрген азаматтарға суға келудің негізгі талаптары түсіндіріліп, белгіленбеген жерлерде шомылуға болмайды. аудан су айдындарында ата-анасының қарауынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың болу жағдайлары кездеседі.

Азаматтарға белгіленбеген орындарда шомылғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жасалған құқық бұзушылық үшін бірінші рет ескерту түрінде жауапкершілік көзделген, осы құқық бұзушылықты қайталағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Успен ауданының азаматтарына аудан аумағында шомылуға арналған орындар жоқ екенін тағы да атап өткім келеді.

Құрметті Успен ауданының тұрғындары мен қонақтары белгіленбеген жерлерде шомылмаңыздар, өз балаларын су айдындарында қараусыз қалдырмаңыздар, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар, сақ болыңыз және бұл Сіздің және сіздің балаңыздың өмірін құтқарады.

 

УСПЕН АУДАНЫНЫҢ ТЖБ

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp