Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті туралы» № 193/38 шешіміне өзгерістеренгізу туралы

15.07.2019

   Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы    

           «2019-2021 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті туралы»  № 193/38 шешіміне өзгерістеренгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы               «2019-2021 жылдарға арналған Успен аудандық бюджеті туралы» № 193/38 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде              № 6201 болып  тіркелген, 2019 жылғы 10 қантарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

         1) тармақшада:

         «3 018 363» сандары «3 371 234» сандарымен ауыстырылсын;

«332 372» сандары «343 372» сандарымен ауыстырылсын;

«3 128» сандары «3 915» сандарымен ауыстырылсын;

«278» сандары «4 428» сандарымен ауыстырылсын;

«2 682 585» сандары «3 019 519» сандарымен ауыстырылсын;

         2) тармақшада «3 053 431» сандары «3 406 302» сандарымен ауыстырылсын;

3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1. 2019 жылға арналған аудандық бағдарламалар бойынша Успен ауылдық округінің бюджетіне жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі келесі мөлшерлерде ескерілсін:

жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға – 16 600 мың теңге;

еңбекақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға – 1 599 мың теңге;

оқушыларды жақын мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыруға – 360 мың теңге;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге – 2 900 мың теңге;

Успен селолық округі әкімі аппаратының «Балапан»балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына - 2 911 мың теңге;

Успен селолық округі әкімі аппаратының «Балапан» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 1 508 мың теңге;

Успен ауылының қоқыс төгетін аумағын қоршауға сараптама алуға және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге – 1 300 мың теңге;

бейне бақылау камераларын орнатуға–7 200 мың теңге;

Успен ауылының жолдарын орташа жөндеуге жобалау –сметалық құжаттаманы әзірлеуге - 1 050 мың теңге;

Успен ауылының көшелерін сыртқы жарықтандыру құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге - 2 224 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымша осы шешімнің қосымшасы сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен  аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

 

 

Сессия төрағасы                                                       Е. Горбатюк

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                   Р. Бечелова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp