Павлодар облысы Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округінің әкіміне үміткер Ержан Шарапиевич Темиржановтың САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

05.08.2019

Үміткердің өмірбаяны

Павлодар облысы Лебяжье ауданы XXIII съезд КПСС ауылында 1971 жылдың 11 маусымында дүниеге келді. 2007 жылы А.Байтұрсынов атындағы «Агрономия» мамандығы бойынша Қостанай мемлекеттік университетін аяқтады.

Қызметін 2001 жылдың тамыз айында топырақты эрозиядан қорғау бойынша Павлодарлық тәжірибелік станциясы егуайналым бөлімінде зертханашы ретінде бастады. 2002 жылдың қараша айынан 2005 жылдың шілде айы аралығында «Қазақ аграрлық сараптама» ЖАҚ сарапшы - тұқымшы. 2005 жылдың шілде айынан 2008 жылдың наурыз айы аралығында «ҚР АШМ АӨК МИК Успен аудандық аумақтық инспекциясы» ММ өсімдіктер карантині бойынша бас маман қызметін атқарды. 2008 жылдың наурыз айынан 2012 жылдың ақпан айы аралығында «Успен ауданы ауылшаруашылық бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды. 2012 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың маусым айы аралығында «ҚР АШМ АӨК МИК Успен аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы қызметін атқарды. 2018 жылдың шілдесінен бастап 2019 жылдың қаңтар айы аралығында Ковалев ауылдық округі әкімінің қызметін атқарды.

Үйленген, екі баласы бар.

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қозыкеткуен ауылына әкіміне үміткер ретінде ауылдың игілігіне, ауылдың жағдайын жақсартуға мақсаттар қойдым. Қозыкеткен ауылдық округіндегі менің жұмысымның негізгі басымдықтары әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу деп санаймын. Мен өз жұмысымда жоспарлаймын.

Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану, қаржы ресурстарын пайдалану, жергілікті бюджеттің кірістілігін арттыру және оны уақытында және толық орындау.

Шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Қозыкеткен және Ковалев селоларын абаттандыру, ескі құрылыстарды бұзу, қоқыс шығару,санитарлық тазалау, көше жолдарын ұстау бойынша жұмыстарды күшейту.

шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, халықтың жұмыспен қамтылуын және кірісінің өсуін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ету.

мал шаруашылығындағы тұқымдық түрлендіруді дамытуға, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жақсартуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға назар аудару.

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін күш салу.

Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында медициналық және білім беру мекемелерінің сақталуына және дамуына ықпал ету.

жастар бастамаларын дамытуға көмек көрсету.

ауылдың шығармашылық және спорттық ұжымдарының әртүрлі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету және қолдау.

ауыл тұрғындарының өтініштеріне мұқият болу , мүмкіндігінше олардың мәселелерін шешу, жан-жақты көмек көрсету және ауылдық проблемаларды шешуге қолдау жасау.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ, бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp