«Ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын кеңінен қолдану»

05.07.2019

                                              Құрметті кәсіпкерлер!

  "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабына сәйкес, ақшалай есеп айырысулар Қазақстан Республикасының аумағында бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) экономикалық қызметтің 27 түрі анықталды, оларды жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер 2018 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалануға міндетті. 

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап экономикалық қызметтің 323 түрі, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрі, 224 түрі - 2019 жылғы 1 қазанынан бастап бақылау-кассалық аппараттарды пайдалануы тиіс.

Осылайша, 2019 жылдың соңына дейін ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдалану кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлері үшін іс жүзінде міндетті шарт болады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp