«Жас қорғаушы» аудандық әскери-спорттық лагерінің ашылуы

26.06.2019

«Жас қорғаушы» аудандық әскери-спорттық лагерінің ашылуы

 

Қазақстандық әскери қызметтің оң бейнесін қалыптастыру, оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу, әскери мамандықтарды насихаттау мақсатында  2019 жылдың 25 маусымында Успен ауданының Лозовой ЖОББМ базасында 3 күндік  «Жас қорғаушы» әскери-спорттық лагерінің ашылуы өтті.

Лагерь контингентін ауданның 12 мектебінен 7-9 сынып оқушылары және АӘД пәнінің 5 оқытушысы құрады. «Жетісу» шекара заставасы бастығының орынбасары Қыдырбек Қасымханұлы Сабитбек балаларға  құттықтау лебізін білдірді.

Лагерьдің ерекшелігі «Жетісу» шекара заставасының және «Қосақ» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлескен жұмыс болып табылады. Үш күн бойы балалар қазақстандық шекарашылардың өмірімен танысады. Лагерь бағдарламасында заставаның жұмысымен, қазақстандық шекарашылардың қару-жарағымен, автокөлік құралдарын тексеру тәртібімен танысу, иттермен жұмыс істеу жоспарланған.   


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp