Безопасность детей в летний период.

26.06.2019

Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі.

 

Балалармен жазым оқиғалардың пайда болу қаупі жазғы кезеңде анағұрлым артады. Көбінше бұл балалар сабақпен қамтылмағандығына байланысты, іс жүзінде олар барлық уақытын табиғатта немесе аулада ойынмен өткізеді.    Ыстық кезеңде балалар міндетті түрде шомылғысы келетін су айдындары үлкен қауіп төндіреді. Су айдындарында шомылу қауіпсіз болу үшін төтенші жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Успен ауданының Константинов ЖОМ балалар лагерінде балаларға әңгіме жүргізілді қауіпсіздіктің бірсыпыра талаптары мен шарттарын сақтау қажет. Балаларға бірқатар қауіпсіздік талаптары мен шарттарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Успен ауданының аумағында  шомылуға арнайы тағайындалған орындар болмағандықтан, қауіпсіздік мақсатында, бар су айдындарында шомылуға рұқсат етілмейді. Шомылуға рұқсат етілген орындардың өзінде, балалар ата-аналардың тұрақты бақылауында шомуылуы керек. Жазғы кезеңде балалар үшін басқа қауіп-қатерлер   жалаңаш электр сымдары, ескі жайын құрылыстар мен ғимараттар, құдықтардың ашық люктері (есіктері), ауыл шаруашылық жануарлары болуы мүмкін. Сондықтан, балалармен жазым оқиғаларға жол бермеу үшін, ен бірінші оларға ересектер жағынан бақылауды қамтамасыз ету керек, балаларды ұзақ уақытқа қараусыз қалдыруға болмайды, өздігінен шомылу үшін су айдындарына баруына немесе ауладан тыс, қауіпті болуы мүмкін орындарда ойнауға рұқсат бермеу керек.

   

Успен ауданының ТЖБ

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp