Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

19.06.2019

skrin_s_portala.docxЖоба

 Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 9 қарашадағы қорытындысы негізінде, Успен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылында келесі көшелері:

«Пролетарская» көшесі «Мәшhүр Жүсіп Көпеев» көшесі болып;

«Коммунальная» көшесі «Бұқар жырау» көшесі болып;

«Комсомольская» көшесі «Астана» көшесі болып;

«Элеваторная» көшесі «Мәншүк Мәметова» көшесі болып;

«Ленин» көшесі «Қазыбек би» көшесі болып қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Успен ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушысы                                      Д. Аспанов

ТіркемеКөлем
Файл skrin_s_portala.docx313.16 KB

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp