«Би кеңесі» құрылды

18.06.2019

«Би кеңесі» құрылды

 Успен ауданында "Болашаққа көзқарас: рухани жаңғырту" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қазақстандықтардың жас буыны үшін қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, "Би кеңесі" құрылды.

Қазақ билерінің соты - бірегей институт. Оның табиғатының негізін ата-бабалардың баға жетпес тәжірибесіне негізделе отырып, қоғамда өзара құрмет пен бірлікті сақтай отырып, дауларды әділ әрі бейтарап шешуге ұйғаратын нормалар құрайды.

Басты мақсаты -   жергілікті қоғамдастықтың мүшелері, үлкен өмірлік тәжірибесі, мінсіз беделі бар аксакалдар арқылы азаматтар  арасында отбасылық, еңбек, тұлғааралық және басқа да азаматтық құқықтық қатынастарда дауларды соттан тыс шешу, бітімгершілік рәсімдерді жүргізу.

Успен ауданында Би кеңесі ауылдық округтердегі ақсақалдардан құрылған.  Яғни:

1. Успен ауылдық округі

  • Қабиев Акылбек Ахметұлы
  • Алтаев Батай Залимович

2. Ольгинский сельский округ

  • Аятберген Байкужанович Акшулаков

3. Равнополь ауылдық округі

  • Семенюк Николай Иванович,
  • Арынгазинов Арстанбек Әнуарұлы

4.  Қозыкеткен ауылдық округі

  • Тәтенов Қанатбек Муктарович

5.  Лозов ауылдық округі

  • Смагулова Жанель Табулдиновна

6.  Қоңыр-Өзек ауылдық округі

  • Жұмабаев Кенжағара Рамазанұлы

7.   Новопокровка ауылдық округі

  • Сулейманов Ғалым Қалиасқарұлы

 

Енді  жанжал туындаған кезде адамдар медиаторлар – билер кеңесі мүшелерінің көмегімен дауды шешуге мүмкін. Дауды өзге тәсілмен реттеу мүмкіндік болмаған кезде ғана құқық қорғау және сот органдарына жүгінуге болады.

 

Успен аудандық сотының баспасөз қызметі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp