22-ая районная сельская спартакиада.

17.06.2019

22-аудандық ауылдық спартакиада.

         15 маусым күні Успен ауылының орталық алаңында Қ. Сәтпаевтың 120-жылдығына және Жастар жылына арналған спорттың олимпиадалық, халықтық және ұлттық түрлері бойынша ауылдар мен ауылдық округтер арасында 22- аудандық кешенді спартакиадасының соңғы қорытынды бөлімі өткізілді. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Дисюпова Альмира амановна және спартакиаданың бас төрешісі Сабабаев Н.Б. құттықтау сөз сөйледі. Былтырғы облыстық спартакиадада жоғары нәтижеге жеткен спортшылардың есімдері аталды: Стритболдан ерлер команда құрамасы - Сагайдак М, Абдулсаламов Р, Слушный Н., гір көтеруден - Бут А, Баймулдинов А., сонымен қатар баскетболдан республикалық универсиаданың қола жүлдегері - Петраченко А.  Содан соң спартакиада бағдарламасына кіріктірілегн 6 спорт түрі бойынша жарыс басталды. Жарыс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар белгілі болды: футболдан Успен а/о командасы, стритболдан ерлер арасында Успен а/о командасы, әйелдер арасында Қоңырөзек а/о командасы, жағажай волейболы ерлер арасында Ольгин а/о командасы. Армрестлинг жарысында 70кг дейін салмақ дәрежесінде жеңімпаз болған - Арынгазинов К., 80 кг дейін -  Шарипов З., 90 кг дейін Майсюк А., 90 кг жоғары Шмаков И., гір көтеру спортынан 73 кг дейін салмақ дәрежесінде - Кошевец И., 78 кг дейін - Сабабаев К.,  85 кг дейін Баймулдинов А.,  95 кг дейін Майсюк А., 95 кг жоғары - Бут А.  1 жалпыкомандалық орынды және Кубокты Қоңырөзек ауылдық округі командасы иеленді. (әкімі - Баймулдинов Е.К., спорт әдіскері Аусагитов Г.К.), екінші орында Ольгин а\о (әкімі- Жуматанова А.Е., спорт әдіскері Лаптева С.В.) үшінші орында былтырғы жылдың жеңімпаздары- Новопокров а/о (әкімі- Симоненко В.Н., спорт әдіскері Ларионов В.В.), 4-орында Равнополь а/о, 5-орында Успен а/о, 6-орында Лозов а/о, Қозыкеткен а/оспартакиадаға қатысқан жоқ. Үздік спортшылар облыс спартакиадасында аудан намысын қорғайтын болады. Оларға үздік нәтижелерге жетуді және сәттілік тілейміз!

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp