«Әнші болар баламын» облыстық байқау

17.06.2019

«Әнші болар баламын» облыстық байқау

 

2019 жылдың15 маусымы Павлодар қаласының Славян орталығында«Әнші болар баламын» балалар шығармашылығының облыстық байқауы өтті. Ұйымдастырушысы «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» КМҚК болды.

Байқау балалар үшін пайдалы бос уақытты ұйымдастыру; эстетикалық және адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу; шығармашылық әлеуетті дамыту, талантты адамдарды анықтау және қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Байқаудың ережелері бойынша 7 мен 14 жас аралығындағы балалар қатысты. 2 ән орындалды: балалар және халық.

Байқауға Павлодар облысының барлық аудандарынан 20 қатысушы болды. Аталмыш байқауда Успен ауданын «Балдырған» БЭО тәрбиеленушілері 7-10 жас аралығында «Нотные бусинки» вокалдық тобы және 10-14 жас аралығында «Capriccio»  вокалдық тобы таныстырды. Топтардың жетекшісі Леонтьева Лилия Петровна болып табылады.

Балалар номинация иеленушілері атанды, «Нотные бусинки» тобы «Ең жас әнші» номинациясын мадақтамамен алды, группа «Capriccio» тобы«Ең үздік вокалдық тобы» номинациясын мадақтамамен алды, сонымен қатар балаларға естелік сыйлықтар тарту етілді.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp