жабдықтау желілеріне қосылу процедурасы жөнінде

12.06.2019

Тұтынушының электрмен

жабдықтау желілеріне қосылу процедурасы жөнінде

 

Қазақстанда күннен күнге бизнесті жүргізу оңайға түсуде. Дүниежүзілік банк жыл сайын бағалау өткізіп,  «Doing Business» рейтингін құрастырады.

2018 жылғы 31 қазанның түніне қарай кезекті есеп жарияланды, оның ішінде Қазақстан бірінші рет отыздыққа кіріп, 36 орынннан 28-ге көтерілді. Өткен жылға қарағанда Қазақстан өз көрсеткіштерін 8 тармаққа жақсартты. Сарапшылар мемлекеттін  Испания, Франция, Польша, Португалия, Швейцария, Япония, Туркия елдерін озып шығуын белгіледі.

Дүниежүзілік банктің   «Doing Business - 2019» халықаралық рейтингі есебінің  «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 190 орынның ішінен 76 орын алды. Осындай нәтижеге қазақстандық бизнесті электрмен жабдықтау желілеріне қосылудың жағдайын жақсарту реформаларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізді.

Қазақстанда қазақстандық бизнес үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу шарттарын жақсартуға бағытталған реформалар жүргізілді. Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгертулер және толықтырулар енгізілді.

Негізгі мәселе – қолданыстағы заңнамаға электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедураларын жеңілдетуге бағытталған өзгертулер енгізу.

«Дүниежүзілік банктің «DoingBusiness-2017» халықаралық рейтингісінің есептеуіне сәйкес, «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда, нәтижесін 5 позицияға жақсартып, 70-ші орынға шықты. Мұндай нәтижеге қол жеткізу электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды».

Мысалы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рұқсаттамалық процедура алынып тасталды және электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру мерзімі, энергия ұсынушы ұйыммен тұтынушының жобалық шешімдерін келістіру мерзімі, сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісімшарт жасау мерзімі  айтарлықтай қысқартылды.

Кәсіпкерлерге, тұтынушыларға белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр құрылғыларын электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру 14 күннен  5 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, енді үш күн ішінде энергия ұсынушы/жабдықтаушы ұйыммен жобалық шешімдерді келістіруге және электр энергиясын жеткізуге келісімшарт жасасуға болады. Бұрын бұл прцедуралар 20 және 7 күн уақыт алатын.

           Белгіленген қуаты 5 МегаВаттқа дейін электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса бермейді.

Сонымен бірге, электр жабдықтау жүйесінің сыртқы қосылуына тұтынушылармен сарапшы тұжырымын алу рәсімі жойылды. Бірақ, Дүниежүзілік банктің сарапшыларының Алматы қаласында өткізілген мониторингі барысында, сыртқа жұмыстарды бітірген соң тапсырыс берушіге баяғыдай техникалық есепті дайындау үшін лицензиялық меншік компаниясын жалдау керек болды, бұл ҚР электроэнергетика саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзушылыққа әкелгенін  анықтады.

Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергия тасымалдаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алған соң, жаңадан іске кірістірілетін немесе қайта қалпына келтірілетін электр құрылғыларын қосуға техникалық шартты мына мерзім ішінде береді (техникалық мүмкіндік бар  болса): қуаты 200 кВт-қа дейінгі  — 5 жұмыс күні ішінде;  қуаты 200-ден 1000 кВт-қа дейінгі — 10 жұмыс күні ішінде; қуаты 1000 кВт-тан жоғары — 15 жұмыс күні ішінде.

Техникалық шартты қайта ресімдегені үшін төлемақы алынбайды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсаттама алу қажет емес. Жобалаушы жұмыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды түрде хабарлама жіберсе жеткілікті.

Сонымен қатар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желісіне қосылу үшін рұқсаттама алу да  қажет емес.

Электрмен жабдықтауға келісімшарт жасаудың апталық мерзімі енді үш күн болып қысқартылды.

 

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp