Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Успен ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялау

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Успен ауданының  
жергілікті бюджет
інен қаржыландырылатын атқарушы органдардың
мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялау

 

Конкурсқа қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы  бекітілген № 11 бұйрығымен енгізілген өзгертулерлерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

Е-R-1 санаттары үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-R-3 санаттары үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-R-1

142661

192366

Е-R-3

106288

142886

 

«Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141000 Павлодар облысы, Успен ауданы Успен ауылы, Ленин көшесі, 71 телефон-факс 8(71834)92145, электронды мекенжайы: ok.aur @pavlodar.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Успен ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялайды:

 

1. «Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты E-R-1                     (1 бірлік), Р-1.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге  жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады, олардың өкілеттілігін белгілейді, бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді және  оның орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандық бағдарламаларды әзірлейді және  жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін  бөлім мәселелері бойынша заңнамалық актілердің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері  мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды. 

 

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (жылу электр желілері және/немесе құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрастырмалар кәсіпорындарының механикалық жабдығы және/немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе жылу газбен қамтамасыз етц және вентиляция және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе геодозия және картография және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе аспап жасау және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе инженерлік жүйелер және желілер және/немесе гидрогеология және инженерлікгеология және/немесе геодезия және/немесе наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша) және/немесе картография және/немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат және/немесе маркшейдер ісі және/немесе жол қозғалысын ұйымдастыру және/немесе технология машиностроения металорежещие станки и инструменты және/немесе электроснабжение (по отраслям) және/немесе строительство и эксплуатация зданий и сооружений, производство строительных изделий и конструкций және/немесе производство, монтаж, эксплуатация и ремонт (по отраслям) және/немесе организация перевозок, и управление движением на транспорте және/немесе инженер-механик және/немесе инженер-электрик және/немесе автоматтандырылған жобалаудың жүйелері және/немесе энергетика (жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша)) және/немесе байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар және/немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) және/немесе металлургия (салалар бойынша) және/немесе көлік (салалар бойынша) және/немесе металлургия және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы және/немесе автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы және/немесе технологиялық үрдістер мен өндірістерді автоматтандыру және/немесе автоматтандыру инженері және/немесе инженер-физик және/немесе электрмен жабдықтау және электрификация және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар (өнеркәсіптік көлік)  және/немесе электрэнергетикасы (салалар бойынша) және/немесе инженер және/немесе жылу техникалық  жабдықтару мен жылу техникалық жүйесін пайдалану және/немесе өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр-жабдықтау және/немесе техника және технология және/немесе автомобильдер және автомобиль шаруашылығы ); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе логистика (сала бойынша)); жаратылыстану ғылымдары (механика және/немесе гидрология және/немесе экология және табиғатты пайдалану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару)  

3. «Успен ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, санаты E-R-3 (1 бірлік), Р-2

Функционалдық міндеттері: Сектор мамандарының жұмысын үйлестіру. Білім беру жүйесін дамыту бойынша мектептердің қызметін рейтингтік бағалауды жүзеге асыру. Аудан мектептерінде ОЖСБ, қорытынды аттестаттау және ҰБТ өткізуді ұйымдастыру және мониторингті жүзеге асыру. Бөлім және білім беру мекемелерінің жұмысы мәселелері бойынша қорытынды аналитикалық ақпарат жинауды жүзеге асыру. Білім беру саласында аудан аумағын дамыту бағдарламасының негізгі индикаторларының орындалуын бақылау. Шығыстардың экономикалық болжамына мониторинг жүргізу және бақылау жүргізу және білім беру мекемелерінің бюджеттік қаражатының нысаналы мақсаты бойынша тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асыру. Мектепке дейінгі білім беру жұмысын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе шетел тілі және/немесе тарих және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе музыкалық білім және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе өсімдіктану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер және/немесе педагогикалық өлшеу және/немесе физическая подготовка және/немесе казахская филология  және/немесе персоналды басқару және/немесе білім (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе философия және/немесе филология және/немесе тарих және/немесе мәдениеттану және/немесе дінтану және/немесе аударма іс және/немесе археология және этнология және/немесе шығыстану және/немесе шетелдік филологиясы және/немесе дін жүйесі және/немесе түркітану және/немесе лингвистика және/немесе әдебиеттану және/немесе исламтану және/немесе тарих-Дінтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе сервис, экономика және басқару және/немесе экономика және менеджмент және/немесе экономика (салалар бойынша) және/немесе қаржы (салалар бойынша) және/немесе есепжәне аудит(салалар бойынша) және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе механика және/немесе химия және/немесе математика және/немесе информатика және/немесе ядролық физика және/немесе экология және/немесе география және/немесе гидрология және/немесе физика және астрономия және/немесе метеорология және/немесе математика-Физика және/немесе математика-Информатика және/немесе физика-Информатика және/немесе экология және табиғатты пайдалану және/немесе физика)

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.өкiлеттi органымен белгiленген нысандағы өтініш; 

2.тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

Кім онлайн

There are currently 0 users online.

Яндекс.Метрика
as