ЖОБА Успен аудандық мәслихатының шешімі

10.06.2019

 

ЖОБА

 Успен аудандық мәслихатының шешімі

 

(___   сайланған  ____ кезекті сессиясы)

 

 

 Успен селосы                            №                                      2019 жыл

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                   Р. Бечелова

 

 

 

 

 

Успен аудандық мәслихатының

2019 жылғы _______

№ шешімімен

бекітілген

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған  жайылымдарды

басқару және оларды пайдалану жөніндегі

Жоспар

 

 

1. Жалпы мәліметтер

 

                1. Осы Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 173 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

                2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

                3. Жоспар:

                1) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Успен ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

                2) осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес, жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

                3) осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес, жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картаны;

                4) осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес, жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

                5) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес, жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

                6) осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес, ауылдық округ, ауыл, кент маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

                7) осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті қамтиды.

                4. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

 

 

2. Аудан жер қорының жағдайы

 

5. Успен ауданы Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Павлодар облысының шығысында  орналасқан және солтүстік-батыста Қашыр ауданымен, оңтүстік-батыста Павлодар ауданымен, оңтүстік-шығыста Шарбақты ауданымен, шығыста Ресей Федерациясы жерлерімен шекараласады. Аудан орталығы – Успен ауылы. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі 7 ауылдық округтерде  орналасқан 21 ауылдық елді мекендерден тұрады.

Аудан климаты күрт континенттік, қыс салыстырмалы суық, жаз ыстық. Қаңтарда ауаның жылдық орташа температурасы Цельсий бойынша -18 – -19 градус, шілдеде Цельсий бойынша +20 – +21 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 200-300 миллиметр.

6. Успен ауданы жерлерінің жалпы алаңы 549 416 гектар (бұдан әрі – га), оның ішінде жайылым жерлері – 189986 га.

Жерлер санаттары бойынша келесідей бөлінеді:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 358057,38 га;

елдi мекендердiң жерлерi – 78 448,39 га;

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 2 026,88 га;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 11 544 га;

                су қорының жерлерi – 22 924 га;

                босалқы жерлер – 91116,72 га.

 

 

3. Жайылым сипаттамасы

 

                7. Жайылымдар ауданның табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты табиғи жайылымдар болып табылады. Екпе және аридтік жайылымдар жоқ.

                Аудан аумағында қызыл қоңыр (қою-қызыл қоңыр) топырақ.

Аудан аумағы түрлі шөптесінді көделі даланың кіші аймағына енеді. 20 тұқымдасқа  және 70 түрге жататын кең таралған гүлді өсімдіктердің шамамен 90 түрі бар. Ең көп таралған үш тұқымдастар: дәнді, күрделігүлділер және алаботалар, сондай-ақ бетеге, көде, жіңішке қоңырбас, жусанның әралуан түрлері.

                Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/га.

                Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-200 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.

 

 

4. Жайылымдарды пайдалану

 

                8. Аудан аумағындағы негізігі жайылым пайдаланушылары ауыл шаруашылық құрылымдары болып табылады. Елді мекендерде тұрғындардың малы белгіленген жерлерде жайылады.

                9. Аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: жеке тұлғаларда – 16 868 бас ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ), 20 513 бас ұсақ қара мал (бұдан әрі – ҰҚМ), 3 433 бас жылқылар; заңды тұлғаларда – 5 438 бас ІҚМ, 1 671 бас жылқылар. Жалпы аудан бойынша 22 306 бас ІҚМ, 20 513 бас ҰҚМ, 5 104 бас жылқылар бар.

                10. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген:

                83 ІҚМ үйір;

                21 ҰҚМ отар;

                22 жылқылар табын.

 

 

5. Ветеринариялық-санитарлық объектілер

 

                11. Успен ауданында  29  ветеринариялық-санитарлық объектілер, соның ішінде: 12 мал көмінділері, 12 мал дәрігерлік пункттері, 5 мал соятын пункт қызмет істейді.

 

 

6. Малды айдап өтуге арналған сервитуттар

 

                12. Малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.

 

 

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға

                                                                1-қосымша

 

 

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Успен ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

 

Шартты белгілер:

 

 

 - округтің шекаралары; 

 

 

 

- жер пайдаланудағы жер учаскелері.

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020  жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға

                                                                2-қосымша

 

 

Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

 

 

 

Шартты белгілер:

 

 

- аудан орталығы;

 

 

 

- елді мекендер;

 

 

- жер пайдаланудағы жер учаскелері;

 

 

 

- ауылдық округтердің кенттер шекаралары; 

 

 

 

- бос жер учаскелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020  жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға

                                                                3-қосымша

 

 

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

 

 

Шартты белгілер:

 

 

 

- аудан орталығы;

 

 

 

- елді мекендер;

 

 

- жер пайдаланудағы жер учаскелері;

 

 

 

- ауылдық округтердің шекаралары; 

 

 

 

- бос жер учаскелері;

 

 

 

- жайылымдық инфрақұрылым объектілері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға

                                                                4-қосымша

 

 

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

 

Шартты белгілер:

 

 

- аудан орталығы; 

 

 

 

- елді мекендер;

 

 

- жер пайдаланудағы жер учаскелері ;

 

 

- ауылдық округтердің шекаралары; 

 

 

- бос жер учаскелері;

 

 

 

- су көздеріне қолжетімділік;

 

 

 

- құдықтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға

5-қосымша

 

 

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

                                                                              

 

Шартты белгілер:

 

 

- аудан орталығы;

 

 

 

- елді мекендер;

 

 

- жер пайдаланудағы жер учаскелері;

 

 

- ауылдық округтердің  шекаралары; 

 

 

- бос жер учаскелері; 

 

 

- су көздеріне қолжетімділік;

 

 

 

- құдықтар;

 

 

- жайылымдарды қайта бөлу схемасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға

                                                                                                                                             6-қосымша

 

 

Ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

                                                                              

 

 

   Шартты белгілер:

 

 

- аудан орталығы;

 

 

 

- елді мекендер;

 

 

- жер пайдаланудағы жер учаскелері;

 

 

- ауылдық округтердің шекаралары; 

 

 

- бос жер учаскелері; 

 

 

- шалғайдағы жайылымдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

Успен ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға

                                                                                                                                             7-қосымша

 

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі

күнтізбелік графигі

 

№ р/с

Атауы

Шалғайдағы жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі

Шалғайдағы жайылымнан малдардың  қайтарылу мерзімі

1

Лозов ауылдық округі

сәуір, 2 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

2

Қозыкеткен ауылдық округі

сәуір, 2 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

3

Успен ауылдық округі

сәуір, 2 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

4

Ольгин ауылдық округі

сәуір, 2 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

5

Қоңырөзек ауылдық округі

сәуір, 2 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

6

Новопокров ауылдық округі

сәуір, 2 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

7

Равнополь ауылдық округі

сәуір, 2 жартысы

қазан, 2 онкүндігі

 

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp