Учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларымен оқыту семинары туралы ақпарат

31.05.2019

Учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларымен оқыту семинары туралы ақпарат

 

     

     Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларына арналған оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 29 мамыры күні Успен ауылында № 434 сайлау учаскесінің базасында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларымен семинар-кеңес өткізілді.

         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.А. Джилкибаева 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге сайлау учаскелерінің дайындығын атап өтті, ұйымдастыру мәселелері қаралды.

         Және де семинарға Павлодар облысы бойынша ҰҚКД аудандық бөлімшесінің өкілі М.С. Ныгманов шақырылды, ол семинарға қатысушыларға террористік сипаттағы қатерді жасау туралы хабарды алған жағдайда сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттерін түсіндірді.

         Семинар оқыту бейне ролигін байқаумен жалғасты.

Барлық мәселелер қаралғаннан кейін, семинарға қатысушылармен «Дауыс беру күніндегі сайлау учаскесі» іскерлік ойыны өткізілді, дауыс беру күніндегі әр кезең егжей-тегжейлі қаралды.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp