Галицкое ауылында болған өрт.

27.05.2019

Галицкое ауылында болған өрт.

2019 жылғы мамырдағы 26-шы жұлдызында түнгі сағат 2-ден  11 минутт кеткенде Галицкое ауылы, Карл Маркс көшесі 7, мекенжайы бойынша екі пәтерлі тұрғын үйдің жануы туралы хабарлама түсті. Осы хабарлама бойынша шақырту орнына Павлодар облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Успен ауданының № 24 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшесі келіп жеткенде шатырдың ағаш конструкцияларының жануы байқалды, жалпы алаңы 150 шаршы метр. Өрт сөндірушілердің барлық күштері өртті сөндіруге және ғимараттан адамдарды эвакуациялауға жіберілді. Өрт сөндіруге Галицкое ЖШС: 1 дана ГАЗ-53 және 1 дана сутасығыш, 15 адам ерікті өрт сөндірушелер ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар қатысты. 25 минут ішінде газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер, өртті екі сағатқа жуық уақытта толығымен жойды. Өртке қарсы қызметтің үйлесімді іс-қимылдарының, сондай-ақ дер кезінде хабарлаудың арқасында адам өліміне жол бермеу және өрттен келтірілген залалды азайту мүмкін болды.

 

Успен ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты                               А. Сабыржан

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp