Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларымен атыраптық оқыту семинары туралы ақпарат

13.05.2019

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 10 мамыр мен 15 мамыр аралығында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен атыраптық оқыту семинарларының легін өткізуді жоспарлады.

Осылайша, 10 мамыр күні «Балдырған» БЭО ғимаратында №№ 418, 419, 427, 433, 434 сайлау учаскелерінің мүшелері үшін алғашқы атыраптық семинар өткізілді, барлығы учаскелік сайлау комиссияларының 23 мүшесі қатысты Куратор, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.О. Жунуспаева,

11 мамыр күні Белоусов а., Белоусов ЖОМ ғимаратында №№ 420, 421, 422, 423, 579 сайлау учаскелерінің мүшелері үшін өткізілді, УСК 22 мүшесі қатысты. Куратор, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ж.К. Бутаева,

12 мамыр күні Лозов а., Лозов ЖОМ №№ 412, 413, 414, 435, 436 сайлау учаскелерінің мүшелері үшін өткізілді, барлығы 24 мүше қатысты. Куратор, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары З.Б. Исимова,

12 мамыр күні Успен а., «Балдырған» БЭО ғимаратында №№ 416, 417, 424, 425, 426 сайлау учаскелерінің мүшелері үшін өткізілді, барлығы 21 мүше қатысты. Куратор, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.Б. Бижанов.

 Қарсы алу сөзін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.А. Джилкибаева бастады. Семинарларға аудандық сайлау комиссиясының мүшелері: С.О. Жунуспаева, Ж.К. Бутаева, С.Б. Бижанов, З.Б. Исимова қатысты. Аталған семинарларда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына ұйымдастыру дайындық іс-шаралары егжей-тегжейлі зерттелді, дауыс беру тәртібі мен дауыс беру қорытындыларын белгілеу, және де сайлау туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік және дауыс беру күні электоратпен жұмыс қаралды.

Барлық мәселелер қаралғаннан кейін, «Дауыс беру күніндегі сайлау учаскесі» іскерлік ойыны мен ойынды талқылау өткізілді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp