9 мамыр қарсаңында ҰОС ардагерлеріне бару

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Альмира Амановна Дисюпова ҰОС қатысушысының жесір әйелі Ольга Павловна Кожемякинаны және ҰОС қатысушысы Михаил Илларионович Шаболданы келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз сапарын Альмира Амановна ардагер И.И. Кожемякиннің жесір әйелі Ольга Павловнадан бастады – белсенді өмірлік ұстанымы бар ауданның құрметті азаматы, ол биылғы жылы 94 жасқа толады.

- Сіздердің ерліктеріңізге баға жетпес, оны не ақшамен, не сөзбен өлшеуге болмайды. Шын жүректен сіздерге ұзақ өмір, мықты денсаулық тілегім келеді. Біз сіздерді құрметтейміз, сіздер бізге бақытты және бейбіт өмір сүру мүмкіндігін бердіңіз – деп, Альмира Амановна құттықтап, оларға гүлдер мен естелік сыйлықтарды тапсырды.

Кожемякин Иван Игнатьевич

 

1941-1945 ж. ҰОС қатысушысы. Аға лейтенант И.И. Кожемякин Батыс, Волхов, Прибалтика, Ленинград майдандарының құрамында шайқасты. Зеңбірекші, батарея командирі.

Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Германияны жеңгені үшін және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 


Шаболда Михаил Илларионович

1927 жылғы 24 шілдеде Успен ауылында дүниеге келді. 1944 жылдың қараша айында Қызыл Әскерге шақырылды. Башкирияда 5-ші дивизияның 31 атқыштар оқу полкінде қызмет етті. 1945 жылдың сәуір айында 136 жаяу әскер полкін толықтыру үшін Қиыр Шығысқа жіберілді. Оның құрамында Манчжурияны, Қытайды босатты. Михаил Илларионович 1951 әскери қызметтен босады. Поштада монтер, радиошы, пошта бастығы, аудандық кәсіподақ комитетінің бухгалтері болып қызмет етті. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Японияны жеңгені үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

Кім онлайн

There are currently 0 users online.

Яндекс.Метрика
as