«Әлеуметтік дәріханалар ашу туралы

04.05.2019

 

Қазақстан   Республикасының   Тұңғыш   Президенті - Елбасы

 Н.А. Назарбаев атап өткендей «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың  негізі, еліміздің  қалыпты дамуының басты шарттарының бірі». Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және денсаулық сақтаудың  өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Және бұл мәселе Успен ауданы әкімі Б.Касеновтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінде ең жиі қойылатын болды.

Осы мәселені шешу үшін ШЖҚ  «Успен аудандық ауруханасы» КМК Успен ауданы әкімдігімен бірлесіп Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және бекітілген әлеуметтік дәріханалар ашу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.

Ауылдарда әлеуметтік дәріхана ашуы алғаш рет іске асырылып отыр,   сондықтан, жоспарлаудан бастап дәріханалардың  ашылғанына дейін төрт айға жуық уақыт өтті.

Осы кезде аудан аурухынасы Байқаушы кеңесінің  қатысуымен,  аудан мәслихатының хатшысы Рыскен Қабышқызы Бечелованың төрағалығымен  тауар спецификасымен байланысты, аудандық аурухананың әрбір медициналық мекемесіне фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алынды, дәрі-дәрмек сатуға құқығын іске асыру үшін қызметкерлер оқытылған және аттестатталған, сауда-технологиялық процестер өткізу  тетігі пысықталды.

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Комитеті фармацевтикалық тауарлардың бөлшек сауда саласындағы қызметін Каратай, Богатырь, Тимирязев, Қоңырөзек, Надаров, Константинов,Таволжан, Лозов, Қозыкеткен, Вознесен, Ольгин, Ковалев  ауылдарында келісімдеді. Аталған медициналық мекемелер көтерме бөлшек саудада дәрілік заттарды өткізуге лицензия алды

Бүгінгі  күнде Қаратай, Богатырь, Тимирязев, Қозыкеткен, Вознесен, Қоңырөзек, Надаров, Константинов, Таволжан, ауылдарында әлеуметтік дәріханалар жұмыс істеп жатыр.

Кадрлар даярлауы аяқталғаннан соң Лозов, Қозыкеткен, Вознесен, Ольгин, Ковалев ауылдарында да әлеуметтік дәріханалар жұмыс істей бастайды.

Дәріхана сатып алушылары болып жеңілдікті санаттағы ғана  емес,  барлық аудан тұрғындары болуы мүмкін.

Дәрілік заттар ассортиментіне рецептуралық  және рецептурасыз топтарына  жататын, кең таралған ауруларды емдеу және алдын алу үшін препараттар енген.  Қазіргі кезде біздің әлеуметтік дәріханаларда дәрілік заттар ассортиментінде 70 дәрілік заттың  атауы бар. Оның үстіне, клиенттердің өтінуі арқылы ол ұдайы кеңейтіліп тұрады. Мысалы, қажетті дәрі-дәрмектің болмай қалған жағдайында,  дефектураға (қажетті тауардың болмай қалғаны жазылып тұратын парақ) келесі күні препарат көтермеден түседі.

Біздің серіктес "Рауза-АДЕ" фармацевтикалық фирмасына алғыс айтамыз, олар төлемдерді кейінге қалдыруға көніп және жеңілдіктердің әлдеқайда көп мөлшеріне қарамастан, біздің әлеуметтік жобамызды  қолдап, (көтерме компанияларда  клиентерге деген өзінің жұмыс саясаты мен   ішкі градациясы болады: барлық артықшылықтар ірі дәріхана желілеріне беріледі) біздің ұйымымызбен дәрілік заттар сатуға консигнацияға шарт  жасады. Біздің әлеуметтік дәріханалардағы бағалар азаматтардың барлық санаттары үшін коммерциялық бағалардан  25-30% - ға төмен болады, тауардың үстеме бағасы дәріханаларда 5% - ды құрайды,  осы бес пайыздық үстеме дәріхананы  ұстауға және қызметкерлер жалақысына кетеді.

Дәрілік заттар дәрігерлік амбулаториялар, медициналық, фельдшерлік - акушерлік пуктілер медициналық қызметкерлері арқылы,  бағасы нарықтық бағадан төмен болып   сатылады. Мысалы, Ревмоксикам, 5 ампула бағасы  дәріханаларда 3мың тн. тұрады, ал әлеуметтік дәріханаларда 2222 тн. (26 %  төмен).

Жоба дәрілік заттар сату есебінен  ірі пайда алуға құрылған жоқ, керісінше, өл әрең дегенде өзін ұстайды. Яғни, жергілікті әкімшілікпен бірлесіп жасалған жаңалық - аудан орталығы мен шалғайдағы ауылдар тұрғындарын тікелей тұрғылықты жері бойынша қажетті және экономикалық қол жетімді дәрілік заттармен  қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шараларының бірі болып табылады.

 

 

 

 

Бас дәрігер                                                  Е. Базарбеков

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp