1 мамыр көп ұлтты Қазақстан Халықтар бірлігі күнін мерекелейді.

03.05.2019

1 мамыр көп ұлтты Қазақстан Халықтар бірлігі күнін, Қазақстан атты үлкен және ынтымағы бар үйде тұратын барлық халықтардың жұмылу күнін мерекелейді. Бұл мереке біздің әр қайсымызға қымбат, өйткені бұл күн біздің халқымыздың бірлігінің нышаны, бұл Қазақстанда тұратын 130 этнос өкілдері достығының, түсіністігі мен келісімінің мерекесі,

Бұл мерекелі күні Успен ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін, халық сауық-сайраңы ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінің ғимаратында ұлттық ас мәзірлерінің көрмесі ұсынылды, онда барлығы қалауы бойынша дәм ауыз тие алады. Қолөнер көрмесінде естелік бұйымдар сатып алу мүмкіндігі болды. «Балдырған» БЭО қызметкерлері балалар үшін оригами және шашқа арналған әшекейлер дайындау бойынша шеберлік сағатын өткізді. ЖБДО өкілдері шаш қою үлгісі бойынша және киізден жасалған әшекейлер дайындау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Көрермендер залының сахнасында ұлттық күрес бойынша сайыс өткізілді. Үстел ойындарын жақсы көретіндер үшін дойбы мен тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өтті. Мерекелік кеш жалпы білім беру мектептері және «Балдырған» БЭО тәрбиеленушілерімен, АМҮ әуесқой ұжымымен ұйымдастырылды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp