Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округінің әкіміне кандидат ДАНИЯР МУХАМЕДОВИЧ АСПАНОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

22.04.2019

КАНДИДАТТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

1984 жылдың 29 маусымында Павлодар облысы Павлодар ауданының Чернорецк ауылында дүниеге келді. Білімі – жоғары, 2012 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «экономика бакалавры» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2007 жылы «Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ салықты жинау жөніндегі маман ретінде бастады, кейіннен 2008 жылы «Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы лауазымына ауыстырылды. 2011 жылы «Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып қабылданды. 2012 жылдан бастап «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 2015 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Белоусов ауылдық округінің әкімі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Үйленген, екі баланы тәрбиелейді.

 

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен тұрғындардың әл-ауқаты мен ауылдағы өмірді жақсартуды қолдаймын, сондықтан да өз сайлауалды бағдарламамның негізгі қағидаларына қол жеткізу үшін бар күшім мен білімімді саламын:

-         әкімнің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерімен жұмыс істеу, қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимыл жасау; атқарған жұмыс туралы тұрғындар алдында жүйелі түрде есеп беру;

-         шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, халықты жұмыспен қамту және кірістерін арттыруды қамтамасыз ету. Жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу;

-         ауылдастардың өмірінің сапасын арттыру. Біздің ауыл мен үй іші аулаларын абаттандырумен, кент іші жолдарын жөндеу мен көшелерді жарықтандырумен айналысу;

-         қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды қолдау, зейнеткерлік жастағы, мүгедек адамдардың проблемаларын шешуге ерекше назар аудару;

-         дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту, отбасы рөлін нығайту, көпбалалы отбасыларды қолдау;

-         ауыл жастарының мәдени сауығын ұйымдастырумен белсенді айналысу, спорт пен адамдардың салауатты өмір салтын дамыту, жастарды жұмыспен қамту және жастарды ауылда қалдыру проблемаларын шешуге қатысу;

-         Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінен халықты қоныс аудару және жұмыспен қамту бағдарламасына белсенді қатысу;

Халықтың белсенді қолдауы мен сенімінің арқасында аталған бағдарламаны жүзеге асыруға дайынмын.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp