Павлодар облысы Успен ауданының Ольгин ауылдық округі әкіміне кандидат ЖҰМАТАНОВА АЙНАШ ЕГІМБАЙҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

22.04.2019

КАНДИДАТТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

 

1974 жылы 25 желтоқсанда Павлодар облысы Успен ауданы Богатырь ауылында дүниеге келген.  Білімі жоғары  2013 жылы  заңгер мамандығы бойынша Павлодар  Еуразиялық инновациялық университетін тәмәмдәді,  2016 жылы  Қарағанды экономикалық университетінде "экономист" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Еңбек жолын 1994 жылдан 1996 жылға дейін  Богатырь ауылында. КПСС 21 съезі атындағы колхозда  әр түрлі жұмыстар атқарды. 1996 жылдан 2002 жылға дейін Екібастұз ҚІІБ МСО-да атқыш болып, 2002 жылдан 2005 жылға дейін Екібастұз ҚІІБ жанындағы "күзет қызметінің Мамандандырылған күзет қызметі бөлімі" ММ қарауыл бастығы болып қызмет атқарды. 2005 жылдан 2006 жылға дейін Екібастұз қаласында "Күзет" ПКҚ" АҚ-ның объектінің күзет бастығы. 2006 жылдан 2010 жылға дейін-"Богатырь Security"ЖШС күзетші-бақылаушы. 2010 жылдан 2012 жылға дейін - "Богатырь ауылы әкімінің аппараты"ММ бас маманы. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін Богатырь ауылының әкімі болып жұмыс істеді. 2019 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін Успен ауданы әкімі аппаратының бас маманы.

"Нұр Отан" партиясының мүшесі.

Тұрмыс құрмаған, ұл тәрбиелеп отыр.

 

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМА

Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруді санаймын  ол - жақсы жолдар, ауылды абаттандыру, сапалы байланыс, таза ауыз су, электр энергиясын үздіксіз беру, қолайлы эпизоотиялық жағдай, лайықты медициналық қызмет көрсету, сапалы білім беру, спортпен және мәдениетпен айналысу үшін жақсы жағдай, ауыл шаруашылығы өнімін және бизнесті дамыту.

Ольгин ауылдық округі даму әлеуеті орташа округ болып табылады. Округтің экономикалық әлеуетінің талдауы көрсеткендей, негізгі бағыт өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы болып табылады. Округ тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету, кент ішіндегі және кірме жолдардың болуы өткір мәселе болып табылады. Ауыл тұрғындары өмірінің жоғары стандарттарына қол жеткізу үшін келесі іс-шаралар өткізуді ұсынамын:

дамудың маңызды аспектілерінің бірі ауыл ішіндегі жолдардың және жөндеуді талап етеді, ауылға кіреберіс жолдардың жағдайы болып табылады. Сондықтан менің  ең басты міндетім алдағы төрт жылдық кезеңде селолық округта көше автожолдар мен кірме жолдар жөндеу жүргізу.

Кәсіпкерлік қызметті бастау үшін, ауылда кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша жеңілдікті несие қаражатын алуға жәрдемдесу. Ол үшін "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы", "Бизнестің жол картасы – 2020", "Сыбаға", "Игілік" және т. б. мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру тәртібінің нақты мысалдарын көрсете отырып, ауылдық округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру қажет.

Әкімнің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсету, ана мен баланы қорғау болуы тиіс.

Ауылдық округтің елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Ольгин  ауылында ҰОС ардагерлерінің құрметіне  Ескерткіш жоқ. Ауылдың алдына ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мемориалдық тақталар орнату, ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірлесе отырып тізімдерді жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізу міндетін қоямын.

Тимирязев ауылында балалар ойын алаңы жоқ, мектепке дейінгі жастағы балалар саны 50-ден астам. Балалар ойын алаңы қажет деп есептеймін, сондықтан бұл мәселені қарап, оны оң шешу міндетін алдыма қоямын.

Ауылдық округтің елді мекендерін жарықтандыруды энергия үнемдейтін шамдарын 100% - ға аудару, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың ақшасын үнемдеуге және ауылдық округтің басқа да мақсаттарына үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсету, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуға және қайта оқытуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне жіберу.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін атқарушы биліктің де, ауылдық округтің барлық тұрғындарының да күш-жігерін біріктіру қажет.

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp