Новопокров ауылдық округ әкімдігіне кандидат ВЯЧЕСЛАВ НИКОЛАЕВИЧ СИМОНЕНКОНЫҢ САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

22.04.2019

КАНДИДАТТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Павлодар облысы Қашыр ауданының  Қашыр  ауылында  дүниеге  келген. 2007 жылы  Галицк ЖОББ мектебін  бітірген соң, Инновациялық  Евразия институтына  түскен. 2011 жылы Инновациялық  Евразия   институтын «мемлекеттік  және  жергілікті  басқару бакалавры» мамандығы  бойынша  аяқтаған.

Еңбек  жолын 2011 жылы  «Галицкое» ЖШС  заңгер  болып  бастаған. 2011-2012  жылдары  ҚР  әскери  күштері   қатарында  әскери  борышын өтеген. 2013  жылдан  бастап   2017 жылдары  Успен ауданының  «Новопокров ауылдық  округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік  мекемесінде   бас маман болып  жұмыс  атқарған. 2017 жылдың  29 тамызынан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейін  Қозыкеткен ауылдық  округінің  әкімі болып  қызмет  атқаруда.

«Нұр Отан» партиясының  мүшесі.

        Үйленген, екі  бала  тәрбиелеп  отыр.

 

                                        САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ  БАҒДАРЛАМА

 Новопокров ауылдық  округі әкімдігіне  кандидат  ретінде шешім қабылдай  отырып, мен өз  жұмысым  барысында жинақтаған  барлық  білімім  мен  дағдыларымды  барынша қолдануға  міндеттемін.  Менің  ойымша  әкімінің  басты  міндеті - ауыл  халқының тұрмысын  жақсарту,  жақсы  жол, ауылды  көркейту, сапалы  байланыс, таза  ауыз  су, электр  қуатын  үздіксіз  беру, қолайлы эпизоотиялық  ахуал, сапалы медициналық  қызмет көрсету, сапалы  білім  беру, спорт және мәдениетпен  шұғылдануға  жайлы  жағдай  жасау, ауыл  шарушалығы  тауар өндірісін  және  бизнесті  дамыту  болып  табылады. 

Менің  сайлауалды  бағдарламама келесі мәселелерді  іске асыру енгізілген:

 - Новопокров  және Галицк ауылдарын санитарлық  тазарту, ауылдарды  көркейту  және көгалдандыру, ауылдың  ішкі  жолдарына уақытылы  және сапалы  жөндеу  жүргізу, оларды  тиісті  жағдайда  ұстау, ауылдың  көшелерін  жарықтандыру  жұмыстарының ауқымын  кеңейту;

- жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарының  тиімді  және сапалы  қызмет атқаруы, жергілікті  қауымдастық қаржылық  қорын  жұмсау  туралы  басымды  мәселелерді  қоса  алғанда   ауыл  халқын ауылдың  аса  маңызды  мәселелерін  анықтауға  және  шешуге тарту;

- шағын  және  орта  кәсіпкерлікті дамытуға  жағдай  жасау, халықтың жұмыспен  қамтылуын және  табысының  артуын  қамтамасыз ету, жаңа  жұмыс  орындарын  ашуға  көмек  көрсету;   

-жұмысқа  орналасу  деңгейін  арттыру, жаңа  жұмыс  орындарын  ашуға  көмек  көрсету,  жұмыссыз азаматтарды   жұмыспен қамтудың  мемлекеттік  бағдарламалары  бойынша   оқу  және  қайта  даярлауға, қоғамдық  жұмыс  орындарына, әлеуметтік  жұмыс  орындарына және  жастар  практикасына     жіберу;

-аудандық мәслихат  депутаттарымен  ауылдың әлеуметтік-  экономикалық және  халықтың тұрмысын  жақсарту  мәселелерін  шешуде өзара тығыз   байланыс  орнату;

-  халықтың қауіпсіздігі мен  қоғамдық  тыныштықты қамтамасыз  ету, азаматтардың  жеке  мүлкін сақтау  және   ұрлануына  жол  бермеу бойынша  құқық  қорғау органдарымен өзара  байланыс  орнату, ардагерлер  кеңесімен үйлесімді  жұмыс  жүргізу, мектеп  жанындағы ата-аналар кеңесімен байланыста  болу;

     Менің  бағдарлмамның  барлық  тармақтары, жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарының  қызметіне негіздеген  қолданыстағы  заңнамаға,сондай-ақ бюджетің нақты  қаржылық  мүмкіндігіне  сәйкес.

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp