Успен ауданының делегациясы Алтай өлкесінің Славгород қаласында Наурызды мерекеледі

15.04.2019

Көктемгі Наурыз мерекесі көрші Ресейде атап өтілді. Ауқымды мерекелік бағдарлама іс-шараның қонақтарымен ұсынылды. Бағдарламаның басында Славгород қаласы мен Успен және Шарбақты аудандары арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қонақтар шағын футбол, волейбол бойынша халықаралық турнирлер, балалар хоккей бойынша достық турнир сияқты спорттық шараларға қатыса алды.

Жеңіс алаңында «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі жайылды. Осында өздерінің үздік қолдан жасалған бұйымдарын Ресей мен Қазақстанның халық қолөнершілері алып келді. Мұнда «Наурыз-кұт береке бастауы» ұлттық тағамдар фестивалі ашылды. Іс-шараның ұйымдастырушылары бауырсақ пен бесбармақ дайындау бойынша мастер-класс өткізді.

Мерекелік бағдарлама әртүрлі нөмірлер мен көркем көрмелерге толы болды. Мереке қонақтарында Даңқ мемориалына гүл қою мүмкіндігі болды.

Бағдарламаның соңында көрермендер Барнаул ипподромының атты өнерін тамашалады.

Осындай мерекелер адамдарды біріктіріп, бауырлас жағдайды құрады. Біздерде осындай мереке қаншама көбірек болса, онда адамдар басқа халықтардың салт-дәстүрліремен, әдет-ғұрыптарымен және мәдениетімен таныса алады, бейбітшілік нығаяды.

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp