Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған, «Мен өз елімнің ұлымын» брейн-рингі

12.04.2019

2019 ж. 10 сәуірі АМҮ Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған, «Мен өз елімнің ұлымын» интеллектуалдық брейн-рингі өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты мен міндеттері – патриотизмді тәрбиелеу,  егеменді Қазақстанның мәдениетін, геологиясын, географиясын, тарихын оқыту арқылы белсенді азаматтық көзқарасты дамыту. Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен еңбек жолын зерделеу.

Брейн-рингке №1 УЖОББМ, №2 УЖОББМ, №3 УЖОББМ 8-11 сынып оқушыларынан 3 топ және Успен а. Отбасылық типтегі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тобы қатысты. Ойын екі кезеңнен тұрды. Ойынның бірінші кезеңі – іріктеу – таныстыру мен 1 кезеңнен тұрды: таныстыруда әр команда өзінің атауын, белгісі мен ұранын ұсынды.

         «Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен еңбек жолы» 1 кезеңінде командалар шешуші сайсықа түсу құқығы үшін тартысқа түсті.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Брейн-рингтің» ақтық ойынында қатысатын екі команданы қазылар алқасы анықтады. Бұл №3 УЖОББМ мен №2 УЖОББМ командалары.

«Қазақстанның пайдалы қазбаларының кен орындары» ақтық ойынының қорытындысы бойынша, №3 УЖОББМ командасы жеңімпаз атанды.

Шараның барысында балалар командада жұмыс істей білу қабілетін, бірлігін көрсете білді. Геология саласында өз білімдерін қолдана алды. Қатысушылар мен көрермендер көптеген жағымда әсер алды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp