Қ.И. Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған тарихи сағат
11 сәуір Успен ауданының аудандық кітапханасында Қ.И. Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған тарихи сағат өтті. Шараға №3 УЖОББМ оқушылары қатысты. Ұлы ғалым Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен қызметі жөнінде әңгіме айтылды. «Қаныш Сәтбаев- Планетарлық деңгейдегі тұлға» бейнеролигін тамашалады. «Тұңғыш Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев» кітап көрмесі рәсімделді.