Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы болып өтті

08.04.2019

Ағымдағы  жылдың 5 сәуірінде  аудандық ПБ ЖПҚ бастығы, комиссия  төрағасының  орынбасары Бауыржан Нуртаевич Карабаевтың   басшылығымен аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның   кезекті отырысы болып өтті.  Күн  тәртібіне  сәйкес 3 мәселе  қаралды. Бірінші  мәселе  бойынша «Галицк ЖОББ мектебінде мектеп психологының оқушылар, педагогикалық ұжым мен ата-аналар арасындағы диагностика, алдын алу және түзету жөніндегі  қызметі туралы» Галицк ЖОББМ психологы Айгорым Ержановна Скрипник, «2018-2019 жылдары кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға (көп балалы, аз қамтылған және т.б.) волонтерлік көмек көрсету туралы»  Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Сеильхан Аментаевич Калыков тыңдалды, бұдан әрі  комиссия Успен ауданының полиция бөлімі  жергілікті  полиция  қызметінің  Галицкое ауылында тұратын ата-анаға қатысты   құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша   ұсынымды қарады. Әрбір  мәселе  талқыланды аудандық  қызметтер сондай-ақ  білім  мекемелері басшыларына   тапсырмалар берілді.

2019 жылдың  өткен  кезеңінде  барлығы  6 отырыс  өткізілді, соның  ішінде  1 кезектен  тыс  отырыс. Комиссия отырыстары аудан әкімінің орынбасары Альмира Аманқызы Дисюпованың төрағалығымен. Түрлі  тақырыптағы мәселелер   назарға алынды: балалар мен  жасөспірімдердің  денсаулығын сақтау бойынша  шаралар, ерте  жүктіліктің  алдын алу және оқушылардың  адамгершілік- жыныстық тәрбиесі  профилактикасы; білім  мекемелерінде  ыстық тамақты  ұйымдастыру; балалар мен  жасөспірімдердің мектеп  тыс  уақытын  өткізуі ; зорлық  -зомбылық превенциясы туралы және  тағы  басқа  мәселелер. Сонымен  қатар  ішкі  істер  бөлімінің  6 ұсынымы және № 2 Успен ЖОББМ  6 ата-анағаға (4 отбасы) және 4 кәмелетке  толмаған  балаға қатысты 1 қолдау хаты қаралды. Тиісті  шаралар  қабылданды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp