Мемлекеттік сатып алулардағы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістер

11.04.2019

2018 жылғы 27 желтоқсанда Елбасы «ҚР кейбір заңды актілерге мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторларды сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы» Заңға қол қойды.   

Жаңа түзетулер сөзсіз сатып алу процедураларын әрі қарай жетілдіруге және квазимемлекеттік секторларды сатып алуды заңды түрде реттеуге бағытталған. Заңның негізгі жаңалықтары болып табылады:

Бірінші – бір көзден жұмысты және қызметтерді сатып алудың шекті сомасы 100 АЕК-ден 500 АЕК-ге дейін өседі. Бұл аса маңызды емес сатып алулар бойынша процедураларды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Негізінде бұл норма бюджеті аз тапсырушыларға қатысты болады. Бұл бала бақшалар, мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдениет үйлері, интернаттар, қарттар үйі.  

Ауылдар әкімідіктері үшін бюджеттің төртінші деңгейін енгізу аясында осы  шек АЕК 3 мыңға дейін өседі. Ауылдық әкімдіктер қызметкерлерінің мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша дағдыларын құрастыру кезінде ауылдық әкімдіктер үшін осы норма 2021 жылға дейін күшінде болады.

Екінші  - АЕК 1 000 мыңға дейін баға ұсыныстарына сұрау салу әдістерімен сатып алуда тапсырыс берушілерге құжаттамаларда тауардың фирмалық атауларын көрстеу құқығы беріледі. Бұл барынша сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді.

Үшінші – заңда орталықтандырылған сатып алу жүйелерін жетілдіру көзделген.

Қазіргі уақытта әрбір облыстық және аудандық әкімдік бірыңғай ұйымдастырушылар арқылы Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің өз  тібесін бекітеді.

Біркелкі көзқарас мақсатында Бірыңғай ұйымдастырушылардың сатып алуын Қаржы министрлігі белгілейді. Бұдан басқа орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар шеңберінде шағын сатып алуларды ірі лотқа біріктіруге мүмкіндік беретін нормалар көзделген.

Бұл сатып алуларды стандарттауға және бизнестің  өндірістік қуатын үлкен көлемге жүктеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің қатысушалыра ның біліктілігі мен жауапкершілігін арттыру:

Бірінші -  әлеуетті жеткізушінің қаржылық тұрақтылығы түрінде жаңа біліктілік талабы белгіленеді.Ол төленген салықтар, айналымдағы және негіізгі қаражаттардың бар болуы, еңбекақы төлеудің бар болу параметрлері бойынша белгіленеді. Екінші – «демпингтік баға» нақты түсінік беріледі және оған жол бермеу. Қазіргі уақытта бір проблема бар ол сатып алу қатысушылары келісішарт жасауға қол жеткіземіз деп жүріп, негізсіз бағаларды түсіреді (демпенгтейді), бұл келісішарт міндеттемелерін тиісінше орындамауға әкеп соғады.

 

Үшінші – қазіргі таңда «білікті арыз берушілер» "троллей"  шоғыры пайда болды, олар үшін шағым түсіру мемлекеттік сатып алуды болдырмаудан заңсыз пайда көру құрал сияқты болды.

Осындай жағдайларға жол бермеу үшін конкурстық тапсырысты қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті жеткізушілерге басқа қатысушылардың құжаттарын қарауға тыйым салынады; - конкурстық құжаттарды алдын ала талдауға қатыспаған әлеуетті жеткізушілердың арыздарын қарауға; - ұшінші тұлғалардың арыздары бойынша келісішарттарды жасау мерзімдерін тоқтатпауға (сатып алуда қатыспағандар). 

Төртінші- мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланудың (рұқсаттың) ақылылығы белгіленеді.

Бір көзден сатып алуды қысқарту және сыбайлас жемқорлықты төмендету.

Бірінші- бір көзден сатып алудың 53 негізінен 5 жағдай алынып тасталады.

Екінші- тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу өтпей қалған жағдайда қайта сатып алу өткізу міндеттері белгіленеді. Бұл да солай бір көзден сатып алуды қысқартуға мүмкіндік береді.

Үшінші- бір көзден сатып алу шеңберінде ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі «Еңбек» кәсіпорнының субмердігерлерді тартуына тыйым бекітіледі. Бұл Еңбек кәсіпорнының тура мемлекеттік тапсырысты алып, сотталғандарға жұмыс берудің орнына барлық көлемдерді субмердігерлікке бергенімен түсіндіріледі.

Төртінші- конкурстық комиссия мүшелерінің әкімшілік жауапкершілігі белгіленеді:

-                            конкурстық бағалық ұсыныстарға әсер ететін критерийлерді дұрыс ескермегені үшін;

-                            конкурс қатысушыларының өтінімдерін уақытылы қарастырмағаны үшін;

-                            алдын ала рұқсат және (немесе) қорытынды хаттамаларын уақытылы орналастырмағаны үшін.

 

Серікбай Тастембеков,

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша  Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp