Қызылшаға қарсы қосымша екпе жасау туралы

10.04.2019

Республика тұрғындары арасында қызылшамен сырқаттанудың өршуіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  Қаулысына сай  2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қызылшаға қарсы қосымша екпе жасау жұмыстары басталды.

Екпені 9-10 айлық балаларға, 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне, 30 жасқа дейінгі (егу мәртебесі белгісіз, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын қызылшаға қарсы бір екпемен егілген) тұлғаларға жасайды. Жалпы 34000 адамды егу жоспарланып отыр.

Осы мақсатта республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Үндістанда өндірілген, қызылша, қызамық, паротитке қарсы вакцина алынды. Вакцина сертификатталған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған, әлемдегі  70 мемлекетте қолданылады. Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт қолдануда. Вакцина жасау көрсетілген тұлғаларға тегін, тұрғылықты мекенжайына байланысты амбулаториялық-емханалық ұйымдарда жасалынады.

Жасалынатын вакцинациялаудың негізгі мақсаты – қызылша ауруының  таралуына және асқынуларына жол бермеу.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Өз өміріңіз бен балаларыңыздың өмірін қызылшамен ауру қатеріне тікпеңіздер. Егер Сіздің қызылшаға қарсы егілгендігіңіз туралы мәліметіңіз болмаса немесе Сіз осы уақытқа дейін аталған инфекцияға қарсы егілмеген болсаңыз және Сіз ертеректе қызылшамен ауырмағандығыңыз расталған болса профилактикалық екпеден бас тартпаңыз!

Успен аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp