«Жеке аулалардың өрт қауіпсіздігі»

10.04.2019

Ауладағы ең көп таралған өрт объектісі көбінесе шөп немесе сабан болып табылады, содан кейін от шаруашылық құрылыстарына тарайды. Шөп жануының бірнеше себептері бар. Бұл отты абайсыз қолдану (сөндірілмеген темекі немесе сіріңке, сөндірілмеген күл, балалардың отпен ойнауы), бөтен адамның отты абайсыз қолдану немесе тіпті өртеу болуы мүмкін. Аулада  өрт туындамас үшін отпен абай болу қажет, әсіресе көктем мен күз мезгілдерінде. Күз бен көктемде қоқысты өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан өрттер жиі болады. Көбінесе өрт дұрыс сөндірілмегендіктен, жел жанып жатқан көмірді немесе күлді шөпке қарай таратады,соның салдарынан өрт туындайды. Сол сияқты пештен сөндірілмеген күлден болуы мүмкін. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелері, аулаларда от жағуға тыйым салынады,ал күл шығару алдында міндетті түрде су құйып, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге шығарылуы тиіс.

Қорада электр сымдарының оқшаулағышының бүтіндігін үнемі қадағалау керек, жабық плафоны бар шамдарды пайдалану керек. Шөп қорада электр сымдарын салуға және кез келген шамдарды пайдалануға тыйым салынады. Күз және көктем мезгілінде өз аулаларын жанатын қоқыстардан, пішен қалдықтарынан дер кезінде тазалау және отпен абай болу қажет.

 

 

 

Успен ауданының

ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты                               А. Сабыржан

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp