Г.К.Мускеновтың құрметіне өткен турнир

Әр адам Отанынан нәр алады және әрқайсымызға өзіміздің сара жолымызды таңдауға, болашағымызға қадам жасауға жол ашады.Осы жолда сүрінбей өту үшін көп күшімізді сарп етуіміз керек.Жердегі адамның сапары ұзақ емес. Бірақ әрқайсымыз өмір жолында: отбасында, командада өз таңбамызды, ізімізді қалдырып кеткеніміз абзал. Біздің асыл және құрметті жерлестеріміздің арасында жақсы іс-әрекетімен ел аузында қалған - Мұскенов Ғосман Қайырбекұлы. Оның құрметіне біздің ауылымыз өзінің сүйікті ұлына арнап үстел теннисінен жыл сайынғы турнир өткізіп келеді. Биыл ол 65 жасқа толатын еді. Міне, оның арамыздан кеткеніне 10 жыл толып отыр.Осы тамаша адамның есімі үшін, 2019 жылдың 7 сәуірінде Конюрозек ауылында үстел теннисінен 10-шы турнир өтті.

Оған Қоңырөзек, Козыккетен, Ковалев, Таволжан, Успен және Павлодар ауданының командасы қатысты.Турнирдің ашылуы Павлов мектебінің қабырғасында жылы, достық атмосферада өтті. Осы іс-шараның жүргізушісі  Г.Н. Гончарова турнирдің қонақтары мен қатысушыларын құттықтады. Галина Николаевна Мускенов Госман Қайырбекұлын жылы сөздерімен еске алды. Қатысушылар Г.К. Мускеновты еске алу құрметіне орай үнсіздік минутын жариялады.  Турнирдің қонақтары таңғажайып адамның өмірі мен шығармашылығы туралы фильм қарады. Ауыл әкімі Е.Б.Баймолдинов, Госмана Каирбекұлының әпкесі Б.К.Калабаева, Успен ауданың денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Б.Сабабаев сөз сөйледі.    Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, жаңа спорттық жеңістер тіледі. Г.К.Мускеновтың немерелері Камиля мен Диана өз өнерлерін көрсетті.Мускенова Камила - ИнЕУ-дің студенті, ол атасы туралы лирикалық туынды орындады,  Диана - Дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы, домбырада күй орындап берді. Ауылдастарымыздың бірлігі мен ынтымақтастығы қонақжайлылық таныту кезінде байқалды, олар жарыстың қатысушыларына тамаша түскі ас ұйымдастырады. Турнир аяқталды. Жеке-командалық біріншіліктің нәтижелері қорытындыланды. Әйелдер арасында: І орын - Қасымова Н., ІІ орын - Құсманова С., ІІ орын - Алашбаева Г. (бәрі Павлодар ауданы), ерлер арасында - 1 орынды Танибергенов М. (Павлодар ауд.), 2 орын - Баймулдинов К. (Козыккетен ауылы) 3 орын - Вольф Н. (Таволжан). 35 жастан асқан ардагерлер арасында: 1 орын – Е.Смағұлов (Успен ауылы), 2 орын - Қайыров А. (Қоңырөзек ауылы), 3 орын - Кочергин Б. (Козыккетен а.). 55 жастан асқан ардагерлер арасында: 1 орын - Умпанов Б. (Успен), 2 орын - Черевко С. (Ковалев ауылы), 3 орын - Копылко В. (Козыккетен с.). Командалық жарыста Павлодар ауданының командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Козыккеткен ауылының спортшылары, үшінші орынды Таволжан иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз-команда кубокпен марапатталды.

Турнир бізді тек қарсыластар ғана емес, сонымен қатар спорттық дәстүрлерді бағалай алатын спортшылар екенін дәлелдеді. Кездескенше, достар!

 

 

Д.Б.Удербаева

Павлов ЖОББМ

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

Кім онлайн

There are currently 0 users online.

Яндекс.Метрика
as