Павлодар облысы Успен ауданында техникалық реттеу және метрология түсіндіру бойынша жұмыстары жүргізілді

02.04.2019

2019 жылдың 29 наурызында Павлодар облысының Успен ауданының Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас мамандары және Успен ауданының филиалы Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология  саласындағы заңнамасы бойынша аудан өкілдеріне Дөңгелек үстел түсіндіруін өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында техикалық реттеу және метрология саласындағы нормативті-құқықтық актілері, өнімнің сәйкестігін растау, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне енгізілген өзгерістер туралы  талқыланды, өзгерістерге сәйкес тұтынушылар сүт өнімдерінің құрамында сүт майларын алмастыратын заттар қосылғандығын немесе қосылмағандығын біле алады, себебі өндіруші сүт өнімдерінің құрамында сүт майларын алмастыратын өсімдік майлары туралы ақпаратты көрсетуі тиіс, сонымен қатар ҚР Кәсіпкерлік Кодексінде мемлекеттік бақылау бойынша өзгерістер талқыланды. Профилактикалық бақылау өткізудің тәртібі мен мерзімдері. «Қазақстан Республикасы Заңының бағалы металдар мен асыл тастар» туралы талаптары түсіндірілді, ергерлік бұйымдарды сатып алу кезінде "Барыс басы" символы және уәкілетті ұйымдардың коды бар Қазақстан "KZ" халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасының, сондай-ақ осы бұйымды дайындаушының өзі келтіретін атаулы таңбасының болуына назар аудару қажет екендігін оған қоса бұйымдағы атау мен сынама таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

Көзделген шаралар зергерлік өнімдерді нарық тәртібін адал кәсіпкерлерге мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел аяқталуы бойынша, ашық диалог және пікір алмасуымен аяқталды.

 

 

«Қазақстан Ресубликасының

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму

 Министрлігі Техникалық реттеу және

 метрология комитетінің

 Павлодар облысы бойынша» РММ

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp