«Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметінің 2018 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі

21.01.2019

«Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал жағдай актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтің 10 түрін, соның ішінде 7 түрі Мемлекеттік корпорация арқылы, 2 қызмет қызмет беруші арқылы, 1 қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

 Ақылы негізде 3 қызмет түрі көрсетіледі, ақылы/тегін негізінде 6 қызмет түрі, 1 қызмет түрі тегін көрсетіледі.  

Қағаз нысанда  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 6 түрі, электрондық/қағаз түрінде 4 қызмет.

2018 жыл ішінде «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал жағдай актілерін тіркеу саласында 946 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген 93 қызмет, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санынан  9,8% құрады;

«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 17 қызмет, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санынан  1,8% құрады;

Мемлекеттік корпорация арқылы 836 қызмет, бұл бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санынан  88,4% құрады;

2018 жыл ішінде мерзімдер бұзушылығымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер, мемлекетік қызмет көрсетуде бас тарту фактілері тіркелмеді, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түспеді.

 Ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

1) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру   – 505 қызмет;

2) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер  – 176 қызмет;

3) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу – 123 қызмет.

2018 жыл ішінде 20 түсіндіру шаралары өткізілді. 92 адам қамтылды.

Мемлекеттік қызметтер

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp