Волейболдан облыстық турнир

11.03.2019

9 наурыз күні Ақтоғай ауылында Халықаралық Әйелдер Күні мерекесіне орай әйелдер командалары арасында волейбол жарысы өткізілді. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін дөңгелек жүйеде ойындар басталды. Өткізілген ойындар қорытындылары мынадай: 3 орын – Павлодар қаласының ПМХЗ командасы, 2 – орынды Ақтоғай ауданының командасы және жүлделі 1 – орынды біздің Успен ауданының командасы иеленді. Аудан командасының құрамында: Скрипник А., Молдабаева Е., Наукенова Ж., Сухолет О., Раскулова И., Трухина Е., Багнова Л., Безет А. Жабылу салтанатында ойыншыларымызға өтпелі кубок, мадақтау қағаздары , бағалы сыйлықтар мен гүлдер табысталды. Аудан құрамасы бұл турнирге 22 облыстық кешенді спартакиадаға дайындалу мақсатында қатысты.Ерлер мен әйелдер арасында жарыс 16 – 18 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткізіледі. Біздің спортшыларға қолдау көрсетейік!

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp