Халықаралық әйелдер Күні - 8 наурыз

11.03.2019

Көктеммен бірге бізге тамаша мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні келді. 8 Наурыз - көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі!

Мектеп тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2019 жылы 6 наурызда мектептерде 8 Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.

 Мереке қарсаңында "Балдырған" БЭО-да Успен ауданының білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін мерекелік концерт өткізілді. "Балдырған" БЭО-ның фойесінде оқушылардың "Ана шуағы "Стоп – кадр" атты фотобайқауының көрмесі, сонымен қатар "Анама сыйлық" атты мектеп инсталяциясының көрмесі ұйымдастырылды.

"Біздің аналар, әжелер мен апаларымыз" атты концерттік бағдарлама №2 ЖОМ және "Балдырған" БЭО-ның оқушылары әр түрлі тілде ән шырқады. Ән және би нөмірлерін тәрбиеленушілер ерекше ықыласпен орындады. Концерттің қатысушылары көрермендерге тамаша мереке - 8 наурыз күні көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Музыкалық жетекшілер Г. В. Черненко - №2 Успен ЖОМ, Л. М. Солонина, Л. П. Леонтьева – "Балдырған" БЭО концертті дайындау және өткізу үшін алғыс айтқымыз келеді. Концерт барысында Успен ауданының білім беру бөлімі атынан Успен ауданының білім беру мекемелерінің қызметкерлері алғыс хаттарымен марапатталды. Сахнадан Успен ауданының әйел тұрғындарының барлық өкілдеріне балалардан алғыс сөздер айтылды. Көрермендердің жалпы саны 220 адамды құрады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp