Оқушыларды, ақындық, шешендік өнерге баулитын «Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңі

18.01.2019

«Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңі 2019 жылдың 11 қаңтар күні №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында өтті.

         Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау.

         Байқау номинациялары 6 бағыт бойынша қаралды:

  1. Шешендік өнер (шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
  2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);
  3. Шығарма жазу;
  4. Ұлттық аспапта ойнау (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
  5. Ақындар айтысы.
  6. Ақындар мүшәйрасы.

Мектеп оқушылары тарапынан байқаудың 5 номинациясы қатысу туралы өтініш келіп түсті. Ақындар айтысы номинациясына қатысушылар болған жоқ. Аталған байқау өсіп келе жатқан жас ұрпақтың талатын ашуға таптырмас мүмкіндік. Себебі, оқушылар байқау барысында өздерін жаңа қырынан көрсете білді. Қос ішекті домбыраға әуес оқушылар қатары көбейіп келе жатыр.

«Көркемсөз оқу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Ораз Гүлдана, ІІ дәрежелі дипломмен №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Бахтыбекова Ұлжан марапатталды.

«Шығарма жазу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға Успен ауданы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бердмурат Марат, ІІ дәрежелі дипломмен Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Нурбаева Тұрғын, ІІ дәрежелі дипломмен №3 Успен жалпы орта білім беру  мектебінің 10 сынып оқушысы Бақытбекқызы Фарида марапатталды.

«Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Смаилова Әлима, ІІІ дәрежелі дипломмен №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Бектурганова Риза марапатталды.

«Ұлттық аспапта ойнау» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Құнанбай Жайдар, ІІІ дәрежелі дипломға №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Қысырау Нұрсәуле  ие болды.

І дәрежелі дипломға ие болған 4 оқушы 2019 жылғы 15 қаңтарда өткен «Ақберен» республикалық байқауының облыстық  кезеңіне қатысты.

Нәтижесінде «Шығарма жазу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломды №3 Успен жалпы орта білім беру  мектебінің 11 сынып оқушысы Бердмурат Марат жеңіп алды.

І дәрежелі дипломға ие болған 6 оқушы 2019 жылғы сәуір айында өткізілетін республикалық «Ақберен» байқауына жолдама алды. Облыс намысын қорғайтын Бердмурат Маратқа сәттілік тілейміз.

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp