Ауданда есеп беру науқаны басталды

18.01.2019

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Успен ауданында ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің тұрғындар алдындағы есептері басталды. Әкімдердің есебі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

18 қаңтардағы жағдай бойынша ауданының 14 ауылында: Равнополь, Таволжан, Надаров, Чистополь, Вознесен, Дмитриев, Белоусов, Травян, Ковалев, Тимирязев, Ольхов, Новопокров, Богатырь және Қаратай  есеп беру кездесулері өтті. Ауыл әкімдері 2018 жылғы қызметтің қорытындылары туралы халық алдында есеп берді. Талқылау барысында кірме және облыстық жолдарды жөндеу; сапалы ұялы байланысты қамтамасыз ету; балалар алаңдарын салу; елді мекендерді жарықтандыру және абаттандыру және т. б. бойынша ұсыныстар мен ескертулер түсті.

Әкімдердің халықпен есеп беру кездесулері жалғасуда.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp