2019 жылы онлайн бақылау-касса аппараттарын қолдану туралы

18.01.2019

2018 жылдың 23 желтоқсанынан бастап салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының қызмет түрлерін қолдануға туралы  Қаржы министрінің бұйрығы күшіне енеді. 2019 жылы  толық  көшу  аяқталуы тиіс.

            Келер жылдан бастап, тоқсан сайын салық төлеушілер онлайн-кассалық тіркеулерді қызмет түрлері кеңейтілетін болады. Барлығы 633 қызмет түрі:

2019 жылдың 1 сәуірінен  бастап 323 қызмет түрі;

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрі;

2019 жылдың 1 қазанынан бастап  224 қызмет түрі өтеді.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Сонымен  қатар Қаржы министрінің бұйрығы тек салық  төлеуші онлайн-БКМ қолдануға  міндетті  қызмет  түрін  ғана  айқындайды. Салық кодексінің 166-бабына  сәйкес БКМ қолдану тәртібі реттелген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 166 бабының 1  тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі.

Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылатындар:

1) жеке тұлғалар;

2) адвокаттар мен медиаторлар;

 3) жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сатудан басқа) қызметін жүзеге асыратын:

 - патент бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

 - ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін;

       - бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкі;

          6) екінші деңгейдегі банктер.

Салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының (БКМ) қызмет түрлерін қолдану туралы  Қаржы министрінің бұйрығының толық мәтінімен www. pvl.kgd.gov.kz. – сайтында  таныса  аласыз.

        

Успен ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp