Педагогтардың қатысуымен Әбділдә Тәжібаевтың 110 – жылдығына арналған «Сырда туған сырбаз ақын» импровизация-кеші өтті.

18.01.2019

17  қантар «Бір ел – бір кітап» жыл сайынғы акциясының шеңберінде аудандық кітапхананың оқырман залында Успен ауылының жастар орталығы мен оқушылардың, студенттердің, педагогтардың қатысуымен Әбділдә Тәжібаевтың 110 – жылдығына арналған «Сырда туған сырбаз ақын»   импровизация-кеші өтті. Шараның басты мақсаты жас ұрпақ арасында қазақ әдебиеті классигінің шығармашылығын тарату және насихаттау болды. Жүргізушілер кешті «Өмір жолы» деректі фильмін көрсету арқылы ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы баяндаумен ашты. Кеш барысында кітапханашы Д. Ибрагимованың орындауындағы «Күй атасы» күйі орындалды, №1, 3 УЖОББМ 5,7 сынып оқушылары мен ұстаздары өлеңдер, «Толағай» ертегісінің үзіндісін және поэмалар оқыды, «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасынын қойылымын қойды. Сонымен қатар шараға «Өнермен өрнектелген өмір» кітап көрмесі рәсімделді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp