Успен ауданының әкімі

20.08.2019

Николай Васильевич Дычко – Успен ауданының әкімі

Николай Васильевич Дычко 1965 жылдың 5 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысы Ленинград ауданының Дәуіт ауылында дүниеге келген.

1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін «Тау-кен қазу өнеркәсібі және геологиялық барлау салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2000 жылы Екібастұз қаласының академик Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтін «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы әлеуметтану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Еңбек жолын 1984 жылы «Екібастұзкөмір» ӨБ «Солтүстік» разрезінің аршу жұмыстары учаскесінің экскаваторы машинистінің көмекшісі болып бастаған.

1984 ж. бастап 1986 ж. дейін – Кеңес Армиясында әскери борышын өтеді.

1987 ж. бастап 1991 ж. дейін – «Екібастұзкөмір» ӨБ «Солтүстік»  разрезінің экскаватор машинистінің көмекшісі, электромонтері, электромеханигі.

1991 ж. бастап 1994 ж. дейін – «Екібастұзкөмір» ӨБ «Солтүстік» разрезінің энергиямен жабдықтау учаскесінің бастығы.

1994 ж. бастап 1996 ж. дейін – «Екібастұзкөмір» мемлекеттік акционерлік қоғамының энергиямен жабдықтау учаскесінің бастығы.

 1996 ж. бастап 1997 ж. дейін – «Ресей бітұтас энергожүйесі» Ресей акционерлік қоғамы «Солтүстік» разрезінің энергомеханикалық қызметінің бас энергетигі.

1997 ж. бастап 1998 ж. дейін – «Солтүстік» разрезі» ЖШС бас энергетигінің орынбасары.

1998 ж. бастап 1999 ж. дейін – «Солтүстік» разрезі» ЖШС энергомеханикалық қызметінің бас энергетигі.

1999 ж. бастап 2000 ж. дейін – «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС БЭЖ  филиалының энергиялық қызметінің бас энергетигі.

2000 ж. бастап 2006 ж. дейін – «Монтажно-наладочное управление» ЖШС, «Грань» ЖШС директоры.

2006 ж. бастап 2013 ж. дейін –  Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.

2013 ж. бастап 2015 ж. дейін –  Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2015 ж. бастап 2017 ж. дейін –  Павлодар облысы әкімінің  орынбасары.

2017 ж. бастап 2018 ж. дейін –  Ақсу қаласының әкімі.

2018 ж. бастап 2019 ж. тамызына дейін –  Нұр Отан партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2019 жылдың 19 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Павлодар облысы Успен ауданының әкімі.

Николай Васильевич Дычконың марапаттары: «Қазақcтан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005 жыл), II, III дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісі (2004 жыл, 2009 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 жыл), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2016 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 жыл).

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp