«БАСТАУ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ АУЫЛДА ҚОНАҚ ҮЙ АШТЫ

14.01.2019

Қонақ үй ашу идеясы Успенка ауылының тұрғыны  Ульяна Конкинада кездейсоқ пайда болған

 

Осыған дейін Ульяна  Яковлевна достарымен жақындарының сұрауымен белгілі  бір себеппен Успенка ауылына келген меймандарға жатын орын бөліп, күтіп алған болатын.

«Кейбіреуі іссапармен келген, енді бірі ауа райы қолайсыздығы салдарынан қалған, қысты күні боранда полиция көлікті ауылдан шығармағадықтан қалып қойған. Өзім жалғыз тұратындықтан, қонақтарға артық бөлме табылатын. Осындай жағдай қонақ үй ашуға түрткі болды», – дейді кәсіпкер.

Ойлана келе Ульяна Яковлевна Успенка ауылына қонақ үй керектігін түсінеді, ауылда  хостел бар, бірақ балалы адамдарға ыңғайсыз, оның үстіне ылғи бос болмайды. Осылайша уақытша тұрғын үйге сұраныс бар.

«Жобаны әзірлеудің басты идеясы – ауыл қонақтарының, жас мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру. Клиенттердің негізгі бөлігін іссапармен келгендер сонымен қатар Павлодардан Ресей Федерациясының Новосибирск пен Алтайский край тасжолымен жүретін аудан тұрғындары құрайды», – деді жоба бастамашысы.

Ульяна Конкина бизнес-идеясын жеке қаражатына жүзеге асыра бастады, үйге жөндеу жүргізді, бөлмелерді оқшаулады, кәріз құбырын жүргізіп, жуынатын бөлме жасады, жиһазалды. Аулада монша, беседкалар, гараж, автокөліктерге арналған тұрақ бар. Осымен шектелмей ауыл тұрғыны «Бастау» жобасына қатысты. 

Оқуды аяқтаған Ульяна Конкина бизнес-жобасын сәтті қорғап, мемлекеттік гранттың иесі атанды. Осы қаражатқа қонақ үйге арналған қосымша жабдық пен мүкәммал алынбақ.

Бастауыш кәсіпкердің зор ынтасы арқасында алғашқы меймандар жылы лебіздерін білдіріп үлгерді. Қонақтар шағымдар кітабына өз пікірлерін оң білдірді, оларға қонақ үйдегі кәдімгі үйдің жайлылығы ұнаған, мұндайды үлкен қонақ үйлерде таппайсың.

«Жобатыңдаушысы  Ульяна  Конкина оқуға осы аудан орталығы үшін өзекті дайын бизнес-идеямен келген. Кәсіпкердің бизнесіне сәттілік, жақсы клиенттердің көп болуын тілеймін», – деді «Бастау» жобасының бизнес-тренері Асылбек Әріпов. 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp