Кроссфиттен облыстық турнир

03.01.2019

       22 Желтоқсан күні Павлодар қаласында  "Дені сау ұлт" облыстық федерациясының қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігі Департаментінің ұйымдастыруымен кроссфитен Павлодар облысының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыс өтті.  Жарыс қатысушыларының көптігін және  жоғары деңгейде өткізілгендігін атап айту қажет. Біздің ауданның атынан аудан мәслихатының бас маманы Д. Байханова қатысып, өзінің спорттық әзірлігін жақсы көрсете білді және жеке есепте 2 орынға ие болды.  Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде Д.А. Байханова дене шынықтыру және спорт басқармасынан мадақтау қағазымен, медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp