Сақ болыңыз!

10.12.2018

Қазіргі уақытта өртке қатысты көптеген қиындықтар қарапайым шындықты ұмытатын, үй иелерінің ұмытшақтығынан пайда болады, тоққа қосылған телевизор, үтік, жылытқыш және басқа да электрқыздыру қондырғылары уақытында тоқтан ажыратылу қажет.  Еш уақытта оларды бақылаусыз тоққа қыстырып жұмыс істеуді болдырмау қажет. Қазір жылыту маусымы басталысымен, тұрғын үйлер мен өндірісте өрт туындауының қауіптілігі артуда. Электржылыту қондырғыларының жалпылай қосылуы, түтін мұржасы, пештердің ақаулығы, қолөнер өндіріс электркаминдерінің қолданылуы әсер етеді.

Жиі осылай болады: сіз электр жүйесіне бір уақытта бірнеше электрқондырғыларын қостындар. Сақтандырғыштар күйіп кетті. Қолдан жасалған сақтандырғыштарды салмаңыз! Жоғары қималы қолдан жасалған сақтандырғышта – бұл өрт! Артық электрқондырғыларды тоқтан ажыратып, электрмонтерді шақырыңыз.

Есте сақтандар!

Электртоғы өтіп жатқан сымдарға киім, тұтас перде және де басқа киімдерді ілуге болмайды. Сымдар арасына шеге қақпаңыз, электршамдарын қағазбен, матамен орамаңыз. Тек қана ақаусыз ажыратқыштармен, шанышқымен, штепсельдармен қолданыңыз. Уйден шығар алдында электрқондырғыларының тоқтан ажыратылуын тексеріңіз.

Сенім телефоны 91-0-23 Успен ауданының ТЖБ.

 

 

Успен ауданының

ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты                                  А. Сабыржан

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp