Еске алу турнирі.

06.12.2018

2018 жылдың 02 желтоқсанында Успен ауылының орталық стадионында Бірінші Президент Күніне орай шағын футболдан 24-ӨСБ  қызметкері СерікҚұсайынұлыҚадыровты еске алу турнирі өтті.

Турнирде Успен ауданы дене-шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Н. Сабабаев, 24 ӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры Ш. Адалболов, азаматтық қорғау органдарының ардагері А. Төлебаев және Серік Құсайынұлының баласы А. Құсайынов қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

Турнирге Таволжан, Каратай, Лозовое, 24-ӨСБ, Успен, Қоңырөзек, Студенттер, Қозыкеткен, Жастар командалары қатысты.9 команда  қатысқан жарыс өте тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Жастар командасы иеленсе, 2 орынды  Лозовое командасы ал 3 орынды Успенкомандасы иеленді. Сонымен қоса ойын барысында көзге түскен ойыншылар да грамотамен және арнайы естелік сыйлыктармен марапатталды олар: үздік шабуылшы Ж. Амри(Жастар), үздік қорғаушы А. Смагулов(Успен), үздік қақпашы Қ. Зекенов(Лозовое).

Жарыс соңында турнирге қатысушылар, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, турнир жоғары деңгейде өткендігін айтты.

 

24-ӨСБ бөлімше командирі а/қ сержанты Е. Пашутин

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp