ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

29.11.2018

Ағымдағы  жылдың қараша айында Успен ауданының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде Успен ауданында мал қорымының құрылысы бойынша жобаны іске асыру, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін  жалға беру конкурсына ұсынылған жер учаскелерінің тізімін келісу туралы екі мәселе талқыланды.

Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасарлары Қ.А. Абушахманов, Ж.Ж. Есіркепов қатысты.

Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Тулебаев өзінің баяндамасында Успен ауданында мал қорымының құрылысы бойынша жобаны іске асыру жайлы егжейлі-тегжейлі айтып өтті.

Мал қорымының құрылысына ұсынылған алғашқы сома 9 236 480 теңгені құрады. Конкурс барысында 3 жеткішуші болды.

 Ашық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша (мемлекеттік сатып алу туралы № 2549343-ОК1 хаттама) «Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Kaz Fortis Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Павлодар облысы Успен ауданының Успен ауылында мал қорымының құрылысына 2018 жылдың 8 маусымында  № 24 мемлекеттік сатып алу туралы шарт  (бұдан әрі шарт) жасалды. Шарттың жалпы сомасы 5 800 000 теңге, құрылыс кезеңі 2018 жылдың 1 маусымынан бастап 30 қазанына дейін белгіленді.

Шарттың 2-тармағының 2.1 тармақшасына сәйкес «Kaz Fortis Group» ЖШС өзіне осы шарттың қосымшаларында көрсетілген бағалар бойынша және шарттарға, талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, ал «Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» КММ атқарылған жұмысты қабылдауға және төлеуге міндеттеме алды.

«Kaz Fortis Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жұмыстарды бастау мерзімін бұзды, алайда «Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» КММ тарапынан «Kaz Fortis Group» ЖШС-не бірнеше рет құрылыс жұмыстарын бастау қажеттілігі және оларды аяқтау мерзімі туралы хаттар (2018 жылдың 15 маусымы, 2018 жылдың 2 шілдесі, 2018 жылдың 2 тамызы, 2018 жылдың 23 қазаны) жіберілді. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың қыркүйек айында басталды, бірақ осы күнге дейін аяқталған жоқ.  

2018 жылдың 13 қарашасында «Kaz Fortis Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жосықсыз қатысушы деп тану және шартты бұзу туралы талап азыры берілді.

«Kaz Fortis Group» ЖШС жұмыстардың келесі түрлерін орындады: биотермиялық шұңқырдың 17 (он жеті) темірбетонды конструкциясынан             16-сы (он алты) орнатылды, бетонды құю үшін биотермиялық шұңқырдың ішінде метал қалып орнатылды. 

 Атқарылған жұмыстың нақты көлемін анықтау үшін авторлық және техникалық қадағалау өкілдері шақырылды.

Атқарылған жұмыстардың нақты көлемі үшін төлем авторлық және техникалық қадағалау өкілдері қол қойған орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Баяндама соңында А.Тулебаев қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Осы жобаға не кіреді,  ағымдағы жылдың соңына дейін жоба іске асырылып, бюджет игеріледі ме, игерілу сомасы қандай болады сынды әрқилы сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

«Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін  жалға беру конкурсына ұсынылған жер учаскелерінің тізімін келісу туралы» мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Шрам Кристина Юрьевна сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін  жалға беру конкурсына ұсынылған жер учаскелерінің тізімі қоғамдық кеңеспен бірауыздан келісілді.

Күн тәртібінің мәселелері бойынша тиісті қарар қабылданды. 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp