Тіл білгірлерінің сайысы өтті

30.11.2018

29 қараша күні орталықтандырылған кітапхана ғимаратында аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық сайысы болып өтті. Сайыс шарты бойынша қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу болатын.

Үш тілде өткізілген сайыстың негізгі мақсаты, қазіргі уақытта көп көңіл бөлініп келе жатқан үш тілділікті дамыту, жастар арасында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту және үш тілді меңгерген жастарды анықтау.

Ұйымдастырылған шараға ауданға қарасты мектептерден жас мамандар және жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқып шықты.

Сайыс қорытындысы бойынша, әділ-қазылар алқасының шешімімен 1-орын Бахтыбекова Ұлжан, 2-орын Жандаулетова Айша иеленсе, 3-орынға Сагайдак Татьяна ие болды. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлер алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp