2018 жылдың 22 қазанында Успен ауданының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

22.10.2018

2018 жылдың 22 қазанында Успен ауданының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.           

         Қоғамдық кеңес отырысын ашқан және жүргізген И.К. Рысмаганбетов – қоғамдық кеңес төрағасы.

Қоғамдық кеңес отырысында келесі бес мәселе талқыланды:

          1. Аудандық маңызы бар жолдарды және ауылішілік жолдарды күтіп-ұстау, қызмет көрсету

2.      Әлеуметтік маңызды объектілердің 2018-2019 жылдардың жылыту маусымына дайындығы

Баяндаушы: Бекенов Бейбіт Жолжанұлы – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Қоса баяндаушы: Майер Владимир Борисович – Қоғамдық кеңес мүшесі.

  1. Ауданның білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын бағалау.

Баяндаушы: Абдрахманова Айсұлу Зекешқызы, аудандық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы.

Қоса баяндаушы: Алтаев Арман Бахытұлы – ОАА эпидемиолог дәрігері

  1. 4.                2018 жылдың 9 айы ішінде Успен ауданының бюджеті атқарылуы Баяндаушы: Усольцева Татьяна Викторовна, қаржы бөлімінің басшысы

5.      2018 жылдың 15 қазан жағдайына кеңестің ағымдағы жылдың 27 сәуірдегі «Успен аудандық аурухананың қызметі туралы» № 4 хаттама ұсыныстарын орындау туралы ақпарат

Баяндаушы: Нуртазина Райхан Әділбекқызы, бас дәрігердің орынбасары

         Отырыс барысында туындаған сұрақтар: 

 – өткен жылмен салыстырғанда алқапты айналдыра ору және қопарып шығаруға қанша ақша бөлінді? Салыстырмалы талдау жасалады ма?

Ағымдағы жылдың соңына дейін бюджет игеріледі ме?

Қоғамдық кеңес төрағасы жергілікті бюджетті игеріп қана қоймай, жұмыс сапасын да қамтамасыз ету қажет екендігін ерекше атап өтті.

         Келесі ұсынымдар берілді:

         - манометрлер мен сақтандырғыш клапандарды мұқият тексеру, отқазандықтардың қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты меңгеру, аудандық маңызы бар ауылішілік жолдарды ұстау және қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау актісінің сапасына назар аудару, атап айтқанда келесі жұмыстар түрлерін анықтап жазу: алқапты айналдыра ору – қанша шақырым, қоқысты жинау – қанша шақырым және т.б. Отжағушыларда қазандықтардың қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық бар ма деген сұраққа білім бөлімінің басшысы барлық мектептерде бар деп жауап берді. 

         Тыңдау нәтижесі бойынша ҚАРАР қабылданды:   

1. басшы есебі ескерілсін

2. аудандық маңызы бар жолдарды және ауылішілік жолдарды күтіп-ұстау, қызмет көрсету бойынша анықталған ескертулерді жою

Бекенов Б.Ж. қараша 2018ж

3. аудандық маңызы бар жолдарды және ауылішілік жолдарға қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар сапасын бақылау және мониторинг жүргізуді нығайту

Аудан әкімінің орынбасары Есіркепов Ж.Ж. тұрақты

4. мемлекеттік органдар басшылары әлеуметтік маңызды объектілердің жаңа жылыту маусымына дайындығын уақытылы қамтамасыз ету

                                                                                         Есіркепов Ж.Ж.

Бекенов Б.Ж. тұрақты

5. бюджеттік қаражатты үнемдеу мақстанды электр жылыту орнатылған білім беру, мәдениет ұйымдарында жылу энергиясының альтернативті көздері бойынша ұсыныстарды енгізу және қарау

рассмотреть и внести предложения по альтернативным источникам тепловой энергии в учреждениях образования, культуры, в которых установлены электроотопления, с целью экономии бюджетных средств.

Аудан әкімінің орынбасары Есіркепов Ж.Ж.

Бірауыздан қабылданды.

 

          «Ауданның білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын бағалау» мәселесі бойынша аудандық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы Абдрахманова Айсұлу Зекешқызы сөз сөйледі (баяндама қоса берілген).

         Қоса баяндаушы  Алтаев Арман Бахытұлы – ОАА эпидемиолог дәрігері.

         Баланың дұрыс тамақтануы туралы ата-аналармен түсіндіру жұмысын жүргізу ұсынылды. Медициналық қызметкерлер мәзірді мектеп директорларымен келісулері қажет.

         Тыңдау нәтижесі бойынша ҚАРАР қабылданды:     

         - мектеп оқушыларының қауіпсіз, сапалы және қол жетімді тамақтануы үшін санитариялық нормалар мен ережелердің бұзушылықтарын жою;

         - Бірыңғай стандартарды енгізу тұз бен қантты пайдалануды төмендетуді ескерумен тағамадарды әзірлеудің технологиялық карталарын қайта қараумен сүйемелдеу.  Рационға барынша табиғи тағамдарды (ет, балық, көкөністер мен жемістер, бал, сүт тағамдары), бірінші және жоғары сұрыпты ұнды пайдалану.

         - 4 апталық мәзірді әзірлеу барысында оқушылардың мектепте болу ұзақтығын, олардың жас санаттарын қарастыру (7-10 жас, 11-14 жас, 15-18 жас).      

         -  балаларға дұрыс тамақтану дағдыларын үйрету, олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі жұмыс нысандарын пайдалана отырып, дұрыс тамақтануды насихаттау жолымен азық-түлікті таңдауға дұрыс қадам жасау;

         - тағамдық қоспалары бар   әлеуетті қауіпті өнімдерді (консервілер, шұжық өнімдері) алып тастау;

         - Богатырь, Вознесен, Новопокров, Ковалев ауылдарының білім беру ұйымдарын медициналық қызметкерлерімен толықтыру.

Базарбеков Е.Н. ОАА бас дәрігерінің м.а.

Бірауыздан дауыс берді.

 

         «2018 жылдың 9 айы ішінде Успен ауданының бюджеті атқарылуы» мәселесі бойынша  Усольцева Татьяна Викторовна, қаржы бөлімінің басшысы сөз сөйледі.

         Қоғамдық кеңес төрағасының ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттің игерілудің қандай қаупі бар деген сұрағына қаржы бөлімінің басшысы Успен ауылында мал қорымының жөндеуі бойынша қаражат игерілмеу қаупін атап өтті.

          Тыңдау нәтижесі бойынша ҚАРАР қабылданды:  

- басшы есебі ескерілсін;

- қаржы бөлімінің басшысы мемлекеттік органдардың бюджетті атқаруын ерекше бақылауда ұстау

Усольцева Т.В. тұрақты

- Қоғамдық кеңес Президиумы отырысында құрылыс бөлімінің Успен ауылында мал қорымының құрылысы бойынша бюджеттің игерілмеу қаупін төндіретін мәселені тыңдау.

Аудан әкімінің орынбасары Есіркепов Ж.Ж. қараша

        

         «2018 жылдың 15 қазан жағдайына кеңестің ағымдағы жылдың 27 сәуірдегі «Успен аудандық аурухананың қызметі туралы» № 4 хаттама ұсыныстарын орындау туралы ақпарат» мәселесі бойынша бас дәрігердің орынбасары Нуртазина Райхан Әділбекқызы баяндады.

         Тыңдау нәтижесі бойынша ҚАРАР қабылданды:   

- бала-бақшаларды, мектептерді медициналық мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл аудару

- медициналық қызметтердің көрсету сапасын жақарту

Базарбеков Е.Н. ОАА бас дәрігерінің м.а.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp